• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 28 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘРҚАШАН ТҮРКІСТАН АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

30.09.2021
in Басты ақпарат
БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘРҚАШАН ТҮРКІСТАН АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Түркістан облысы ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының атқаратын қызметі, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі алдағы шаралар талқыланды.
Түркістанның және облыстың дамуы ел басшылығының ерекше бақылауы мен жіті назарында. Түркістан өлкесі – түркі әлемінің киелі жері, ал Түркістан қаласы – оның мәдени және рухани астанасы, қазақ ұлтының қалыптасуының тарихи орталығы.
«Мемлекет басшысы күн тәртібіне этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет – Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру міндетін қойды. Болашағы біртұтас ұлт қандай болады? Болашағы біртұтас ұлт – мемлекеттік қазақ тілі этносаралық қатынас тілінің рөлін атқаратын азаматтық қауым. Ал қазақстандық патриотизм мен азаматтық қауым елдің барша этностары мен азаматтарының этностық және діни наным-сеніміне қарамастан біртұтас біріктіруші қағидатқа айналады», – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, ҚХА Төрағасының орынбасары Сауран ауданының этномәдени бірлестіктері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Іс-шарада этносаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланып, этносаралық қатынастарға ықпал ететін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударылды.
Айта кетейік, Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.
Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзірбайжан, грек және «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз...

Түркістандық кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

Түркістандық кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

27.10.2026
Экспорттық квота талаптары жеңілдетілді: Түркістан кәсіпкерлерінің мәселесі шешімін тапты

Экспорттық квота талаптары жеңілдетілді: Түркістан кәсіпкерлерінің мәселесі шешімін тапты

27.10.2026
Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

САУРАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

САУРАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

27.10.2026
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «REPUBLIC QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ!

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «REPUBLIC QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ!

27.10.2026
«ҰЛЫ МҰРАДАН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

«ҰЛЫ МҰРАДАН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

27.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған