• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Тұрғындар басқарудың жаңа тәсіліне жаппай көшуде

20.08.2021
in Басты ақпарат

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, кондоминиум нысаны — көпқабатты үйлерді басқару ісіне реформа жасалды. Осыған сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестік құру жөнінде жол картасы әзірленді. Қазіргі таңда Шымкент қаласының төрт ауданында пәтер иелерін МИБ және ЖС-ға біріктіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Соның ішінде, мәселен Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйытқы болуымен 281 жиналыс ұйымдастырылды. Онда тұрғындардың қатысуымен көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа тәсіліне көшіру мәселесі бойынша талқылау өткен.

Соның нәтижесінде, 46 көпқабатты тұрғын үй мүлік иелерінің бірлестігіне көшіп, жаңа құрылым қалалық әділет департаментінде тіркелген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда аталған ауданда 130 тұрғын үй бойынша жай серіктестік құрылды. Бұған қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру жөнінде көпқабатты 16 тұрғын үйдің келісім хаттамалары жинақталу үстінде.

Бұдан бөлек, 27 көпқабатты тұрғын үйді кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа форматына көшіру аясында қажетті құжаттар (хаттамалар) тұрғындармен келісіліп жатыр. Бұл мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстары тұрғындар арасында әлі де жалғасуда.

Жалпы мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестік құру жөніндегі жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан күнделікті жүргізіліп отыр.

Ресми дерекке сүйенсек, Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен.

Осыған орай, аудан әкімшілігі тұрғындармен 243 жиналыс өткізген. Басқосуда халыққа мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікті құрудың тиімділігі туралы мамандар тарапынан түсіндірілді.

Осы жұмыстардың нәтижесінде, 142 көпқабатты тұрғын үйге келісім хаттамалары толтырылып, үлеске шаққанда бұл көрсеткіш 31,5 пайызды құрап отыр. Тарқатып айтсақ, 90 көпқабатты тұрғын үй жай серіктестікке, оған қоса 52 көпқабатты үй мүлік иелерінің бірлестігіне бірігіп, қалалық әділет департаментінде ресми тіркелді.

Өткен аптада әкімдік тарапынан 15 жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 5 мүлік иелерінің бірлестігі пайда болды. Бұл бағыт бойынша қолға алынған істер әлі жалғасын табады.

2020 жылдың қараша айынан бері Еңбекші ауданы аумағында көппәтерлі үй тұрғындарына кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау аясындағы үгіт-насихат жұмыстары тоқтаған емес. Тұрғын үй саласын жаңғырту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейту, жандандыру бағытында арнайы жол картасы да бекітілді. Сол құжаттағы кестеге сәйкес, Еңбекші ауданында бүгінгі таңда түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір аудан аумағындағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің ішінде 6-ы мүлік иелерінің бірлестігіне, 174 көпқабатты үй иелері жай серіктестікке өтуге келісім берді. Сонымен қатар, 301 көпқабатты үй тұрғындарына кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа тәсілдерін түсіндіру бойынша арнайы басқосулар ұйымдастырылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған