• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

САУНАЛАРДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛМАҒАН

16.08.2021
in Басты ақпарат
САУНАЛАРДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛМАҒАН

Ел басшысының эпидахуалға байланысты карантин талаптарын күшейтіп, оны сақтамағандарға қатаң шаралар қолдану туралы айтқанынан кейін Шымкент қаласында да карантин ережелерінің сақталуын бақылаушы мобильдік топтар саны көбейтіліп, жұмысы күшейтілді.
Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, бірқатар мекемелер карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзып келеді.
2021 жылдың 12-тамызында түнгі уақытта сағат 00-30-да Әл-Фараби ауданындағы Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Айко» саунасы карантин талаптарына бағынбай жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Осы анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне  іс-құжаттар жолданып, сауна әкімшісінен түсініктеме алынды.
Осы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 12-тамызында түнгі сағат 23-30-да Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Ақ жол» саунасы ашық түрде келушілерді қабылдап, карантин режимін бұзғаны анықталды.
Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеулерді елемей жұмыс жасағандықтан, сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара көру үшін жолданды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз...

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

11.09.2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026
В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған