Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әділетті қоғам, заңдылықты сақтап, қорғайтын, құқық бұзушылыққа жол бермейтін мемлекет құрудың маңыздылығын, бұл істе құқық қорғау органдарына үлкен жауапкершілік артылатынын айтқан еді. Айтса айтқандай құқықтық мемлекет, заңға мойынұсынған, жауапкершілікті сезінетін азаматтар бар қоғам құруда ірі, ұсақ деген жоқ. Барлық мәселелерде де азаматардың жауапкершілігін, заңдылықты сақтап, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына көп нәрсе қатысты.
Бүгінде әлеуметтік желілерден, құқық қорғау органдарының хроникаларынан көпқабатты үйдің терезесінен құлап майып болған, не шетінеп кеткен сәбилер туралы жиі естіп, көреміз. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.
Әл-фараби АПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында ата-аналарға әсіресе кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі айтылып, қауіпсіздік ережелерінің жиынтық жаднамасы таратылды. Онда көпқабатты үйлерде кішкентайлардың терезенің алдына шығып алуы, абайсызда құлап кетіп қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екендігі жазылған.
Осы орайда, тәртіп сақшылары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін, сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.