• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 16 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

30.07.2021
in Басты ақпарат
10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауында Мемлекет тарапынан азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әртүрлі категорияларына арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар, арнайы жобалар мен жеңілдіктер қарастырылғандықтан, солардың бәрін тиімді пайдаланып қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған.

Оқи отырыңыз...

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

14.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025

Сондай мемлекет тарапынан халықтың баспаналы болуына арналған Тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев қала әкімдігінің  Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы тікелей эфирде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта тұрғын үй алуды көздеген азаматтарға мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификатын беру басталғандығын баяндады. Сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған  бірқатар сұрақтарға жауап берді.

– «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап онлайн интернет портал арқылы бүгінгі күнге дейін 286 азамат өтінім жіберген. Оның  ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 152-і тұрғын үй сертификатын алудың  талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Сондай-ақ 10 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келуіне байланысты мақұлданды», -деді А.Балықбаев.

Сонымен бірге несиелік бағыттағы бағдарламаларға да тоқталды. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ тұрғын үй кезегінің жылжуы толығымен автоматтандырылғандығын, оған ешқандай адами фактор әсер ете алмайтындығын атап өтті.

Шымкент қаласы бойынша арендалық пәтермен ағымдағы жылы қәзірге дейін 608 азамат  қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын. Қазіргі таңда 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиісті  құжаттары дайындалуда.

Сонымен қатар аталған пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамыз айында қолданысқа  берілмек. Бұдан бөлек  294 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады.

 

 

 

Tags: https://newqazaq.kz/Жаңа қазақ!шымкент
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған