• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІЛІМ САЛАСЫНДА БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСТЕР КӨП

28.07.2021
in Басты ақпарат
БІЛІМ САЛАСЫНДА БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСТЕР КӨП

Білім саласында биіктерді бағындырған Үшінші мегаполистегі Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шәмшиева Ақпараттық-коммуникациялық орталығында сұхбат беріп, қаламыздағы білім саласын бақылау департаментінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы баяндады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Мінбеге шығып сөз алған Нұргүл Ақылбекқызы департамент тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға кең көлемде тоқталып кетті.

«Департаменттің жұмысын 4 негізгі бағытқа топтастыруға болады. Олар: білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу (жоспарлы және жоспардан тыс білім беру объектілеріне бармай және бару арқылы профилактикалық тексеру), педагогтардың және балалардың құқықтарын қорғау, білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымша беру, сондай-ақ, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»,- деді Н.Шәмшиева.

Департамент басшысының айтуынша, бірінші бағыт бойынша Департамент тарапынан осы жылдың ақпан-мамыр айларында өңірдегі білім басқармасына қарасты 21 мектеп және 1 колледжге профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 22 мекемеде жалпы 181, оның ішінде 74 өрескел, 35 елеулі, 72 болмашы бұзушылық анықталған. Бұл кемшіліктердің көпшілігі, яғни, 148-і мекеме басшылары тарапынан болған. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан 33 кемшілік жіберілгені анықталған. Барлық мекеме басшыларына кемшілікті жою үшін міндетті нұсқама берілген.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ-і 2021 жылдан бастап Департаментке (ІІа) балалардың құқықтарын қорғау функциясын жүктеді. ҚР Білім және ғылым министрінің осы жылдың 2 сәуірдегі №142 «Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы» бұйрығына сәйкес барлық өңірде мониторингтік топтар құрылды. Өңірлік мониторингтік топтың құрамына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандару басқармалары мен Полиция Департаменті, бала құқықтары мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ-ның өкілдері кірді.

Айта кетейік, білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымшаны алу, қайта ресімдеу бойынша осы жылдың 1 жартыжылдығында 180 өтініш түскен. Оның 65-і қанағаттандырылып, 115-і бойынша бас тартылған. Ал Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша есепті кезеңде 172 өтініш түскен. Оның 161-і қанағаттандырылып, 11-нен бас тартылған.

«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған