• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

25.07.2021
in Басты ақпарат
КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы қазіргідей қиын кезеңде жастар мен әйелдерге жеке кәсібін ашуға жан-жақты қолдау көрсетілуін, мемлекеттік бағдарламалар арқылы көмектесуді тапсырған. Шымкент қаласындағы «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасының жемісін көргендердің бірі – Мәншүк Оспанбекқызы. Ол былтыр «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның көмегімен 6 млн теңге көлеміндегі қаржыны 1 пайыздық несиемен алып, мақта өңдеу цехын іске қосты. Бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

– 2007 жылы жолдасым өндіріске арналған төрт құрылғыны Ресейден арнайы алып келіп, мақта жүнін өндіретін цехтың жұмысын бастаған болатын. Күн-түн демей жұмыс істеді. Өкінішке қарай, жолдасым өмірден өтті. Осы қиын сәтте күйеуімнің еңбегі еш кетпесін деп аталмыш кәсіпті өзім қолға алдым. Әрине, қаржы жағынан қиыншылықтар көп болды. 1 пайыздық несие жайлы естіп, фронт-офиске 2020 жылдың тамыз айында бардым. Мамандардан толыққанды ақпарат алып, өндірістің жұмысын қайта жалғастыру үшін керекті соманы есептеп, Халық банкінен несие рәсімдедім. 1 пайызбен несие алу – кәсіпкерге берілген үлкен мүмкіндік, әрі көмек,-дейді қала тұрғыны.

Аталған кәсіпорын мақта шикізатын өңдеу арқылы күнделікті қолданыста жүрген тоқыма бұйымдарын, атап айтқанда, көрпе, жастық, көрпеше, матрастар дайындауда кең қолданылатын табиғи мақта жүнін шығарады. Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыстардың басым бөлігі Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Шымкент қалаларынан түседі екен.

«Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы Шымкентте арнайы жастар жылына және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында өткен жылы ашылған болатын. 21-29 жастағы ерлер мен 21-58 жас аралығындағы әйелдерге 1 пайыздық несие алуға мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін 45 кәсіпкер несиелендірілген. «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның бизнеске арналған үкімет фронт-офисі нақ осы кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетіп, несие алуға бағдар береді.

Қосымша ақпаратты @shymkent_invest парақшасынан немесе Ерімбетов көшесі 304 г, «Заңғар» бизнес орталығы, Бизнеске арналған үкімет фронт-офисінен алуға болады.

«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған