Президентіміз өз Жолдауларында еліміз қазіргі сын сағатта көш соңында қалып қоймай экономикасы мен әлеуметтік жағынан дамуға қол жеткізуі үшін қазақстандықтар заң талаптарын орындап, құқық бұзушылыққа ұрынбауы керектігін, мемлекеттік органдар әділдікті ту етіп, зағдылықтың сақталуын қамтамасыз етуі қажеттігін атап көрсеткен.
Мемлекет тарапынан құқық бұзушылыққа бастайтын қандай жағдайдың болсын алдын алуға үлкен мән беріледі. Азаматтардың жеке қару ұстау туралы заң талаптарын орындауы да маңызды. Сол себепті халықтың қолындағы қаруды қатаң бақылап, қадағалап отыру құқық органдарының басты міндеттерінің қатарына жатады.
Сондықтан да ағымдағы жылдың 21-шілдесінен бастап, Республика көлемінде дәстүрлі «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде, іс-шараның екі күнінде Қарату ауданы бойынша 64 қару иелері тексеріліп, 2 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды: ӘҚБтК 484 бабы 1 бөлігімен -1 хаттама, 486 бабы 1 бөлігімен -1 хаттама. ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен 1 дана 16 калибрлі оқты және өз еркімен 1 дана тапаншаға ұқсас зат тапсырылды. Анықталған кемшіліктер бойынша, тиісті шара көрілуде.
Айта өтетін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 20-тамызына дейін жалғасатын болады.