• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 23 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТАҒЫ БІР САЯБАҚ САЛЫНУДА

20.07.2021
in Басты ақпарат
ТАҒЫ БІР САЯБАҚ САЛЫНУДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Еліміздегі үшінші мегаполисте шымқалалықтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қаланың инфрақұрылымы жетілдіріліп, жолдары кеңейтіліп, басқа да жайлы өмірге қажетті жағдайлар жасалып, Жолдау жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасының жоғарғы әскери оқу орындарына үміткерлерді әскери оқуға шақырады

23.09.2026
«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

22.09.2026
Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

22.09.2026

Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарының жайлы өмір сүрумен қатар жақсы демалуының да маңыздылығын түсінеді. Сондықтан қалада адамдар демалып, серуендейтін орындар көбейіп келеді. Жалпы, қала аумағында 8 саябақ бар. Бұдан өзге, «Достық» шағынауданындағы және №1 автожол бойындағы қоқыс полигонындағы жаңа саябақтың жобасына түзетулер енгізілуде.

Жылдың соңына дейін қаладағы саябақтардың қатары Қайтпас -1 шағынауданындағы бос жатқан сайда орналасатын тағы бір саябақпен толықпақ.

Болашақ саябақтың аумағында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Техника қазу жұмыстарымен бірге алаңды тегістеумен айналысуда. Жұмысшылар болса жаяу жүргіншілер жолының жиек тастарын орнатуда.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа тартылғандардың қатарында сарыағаштық Ергеш Достаев та бар. Ол: «Тротуар жасап жатырмыз. Жігіттердің барлығы ауылдан. Жалақымызды уақытылы аламыз. Осында пәтер жалдап тұрамыз», деп қазіргідей қиын заманда жұмыспен қамтылып отырғанына ризашылығын білдірді.

Мердігер мекеменің өкілі: «Квадроциклдар жүретін болады, оның арнаулы өз тұрағы болады. Бұдан бөлек, саябақ аумағында  12 мың түп ағаш отырғызылады. Оны Сарыағаштағы өз питомнигімізден жеткіземіз. Ана жерде 50 кубтық скважина салып жатырмыз, суғару жүйесі болады»,-дейді.

Жоба бойынша саябақта ағаштар мен гүлдерді суғару үшін екі ұңғыма қазылуда. Жасыл желек тез жетіліп, жайқалуы үшін демалыс аумағында тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Мердігер жаңа саябақты пайдалануға ағымдағы жылы тапсырмақ. Демалыс аумағының қоршауы да дайын. Абай саябағының қоршауы реставрацияланып осында орнатылатын болды.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

23.09.2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

23.09.2026
«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған