• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 18 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Зор жауапкершілік жүктелді

19.07.2021
in Басты ақпарат
Зор жауапкершілік жүктелді

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауын «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп атады. Еліміз бұрын-соңды болып көрмеген күрделі жағдайда тап болды. Әлемді аяғынан тік тұрғызған пандемияны дүниежүзілік қарусыз майданға теңеуге болатындай. Коронавирустың да азамзатқа жасаған соққысы зілдей ауыр болды, көзге көрінбейтін жау – қатерлі инфекция жер жүзінен миллиондаған жанның өмірін ұрлады. Біздің елімізді де айналып өтпеді. Бірақ, қанша ауыр зардабы тисе де, Президентіміз осы жаман індетпен күресте халқымыз ауызбірлік таныта алғанын айтты. Дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, қарапайым адамдарға, еріктілерге алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің қазіргі барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойын­ша мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Ол үшін ел үкіметі үлкен бағдарлама әзірлеп, нақты жұмыстарға кірісіп кетті. Ал кәсіпкер ретінде біз де осы тараптан зор қолдауға ие боламыз деген сенімдемін.

Үкімет тарапынан дер кезінде көрсетілген қолдау-көмек халықтың сенімін, ерік-жігерін оятты. Пандемияны жеңу үшін кемінде 2 жыл қажет екен. Бұл – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы. Ал әлсіреген экономиканы қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл қажыр жұмсау қажет болуы мүмкін. Ол үшін басқару тетіктерін жетілдіріп, жаңаша тұрпатта ойлайтын қабілетті жастарды жұмылдыру керек. Сондықтан саннан сапаға көшу көзделіп отыр. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін биыл 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту міндеттелді. Сол арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артып, жемқорлық тәуекелдері төмендейді деген сенім бар. Білім, денсаулық, құқыққорғау саласына жасалғалы отырған демеулер көңіл көншітеді. Мемлекет басшысының Жолдауы тағы да іркіліссіз ілгерілеудің жаңа жоспарын құрып берді деп ойлаймын.
Дәмелі ӘЗБЕРГЕНҚЫЗЫ,

кәсіпкер.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КНИГИ В ФОРМИРОВАНИИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ НАЦИИ

17.10.2026
ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

17.10.2026
ЕКІ ЖАҢА МОДУЛЬДІ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ДВА НОВЫХ МОДУЛЬНЫХ СПОРТИВНЫХ ЗАЛА ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ

17.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған