• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

2021 жылдан бастап елімізде қандай салық өзгерістері болды?

19.07.2021
in Басты ақпарат
2021 жылдан бастап елімізде қандай салық өзгерістері болды?

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жолдауда салық саны тым көбейіп кеткенін айтқан болатын. «Қазір 40-қа жуық түрлі салық пен төлемдер бар. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп депутаттық корпусты қатыстыра отырып салық міндеттемелерін түбегейлі жеңілдету және салықтар мен төлемдер санын азайту үшін салық кодексі мен заңға тәуелді актілерді қайта қарауды тапсырамын» деген болатын мемлекет басшысы.
Салық кодексіне енген өзгеріс бойынша, 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы бойынша есепке қоюдың шекті мөлшері 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін қысқарды. Ал көпқабатты үй тұрғындары жер салығын төлеуден босатылады. Осыған дейін олар аталған салықты төлеп келген болатын.
2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинаған қаражатының бір бөлігін алып, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге пайдалана алады. Қазір бұл бастаманы реттеумен «Отбасы банкі» айналысып жатыр. Осы орайда жинақтан ақша алу кезінде аталған қаражаттың 10 пайызы жеке табыс салығы ретінде ұсталатыны хабарланды.
Енді ел тұрғындары мүлік пен жер салығын бірге төлейді. Сол арқылы аталған салық түрін төлеу процесі жеңілдетіліп отыр.
Пандемияға байланысты былтыр кіші және шағын бизнес ұжымдық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік және бірыңғай жер салығын төлеуден босатылған еді. Мемлекет сондай-ақ бизнесті тексеруге қатысты да мораторий жариялады. Аталған шара 2022 жылдың соңына дейін күшінде болады. Сондай-ақ шағын және орта бизнес те салықтан және жалақы қорының төлемдерінен босатылды.
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2917 теңгені құрайды. Ал базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері 34 302 теңге болып бекітілген. 2021 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге күйінде қалды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Гүлсара ТАНКИБАЕВА,

Абай ауданы бойынша МКБ-ның

Құқықтық және ұйымдастыру

жұмысы бөлімінің басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған