• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

17.07.2021
in Басты ақпарат
КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Президент әрдайым қазақстандықтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үкімет пен жергілікті әкімдіктердің маңызды міндеті екенін айтып отырады. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауында да халықтың тұрмысы мен өмір сүру деңгейін көтеру арқылы ғана мемлекеттің нығаятынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

Шымкентте алғашқы жартыжылдықта экономиканың базалық секторлары бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Қала экономикасының қуат алуы ішкі резертерді жүйелеп, инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде қаладағы 81 шағынаудан мен тұрғын алаптың ішінде 5 елді мекен ауыз су жүйелерімен жартылай қамтылған болса, 7 елді мекеннің тұрғындары – ауыз су тасымалына тәуелді болып отыр. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 16 млрд теңгеге 14 жобаның құрылысы басталды. Оның ішінде ауыз су тасымалына тәуелді болып отырған 7 елді мекеннің тұрғындары мен су жүйелерімен жартылай қамтылған 2 елді мекенге су жеткізетін 3 магистралды жүйелердің және 11 елді мекенде ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.

Кәріз жүйелері бойынша 7 млрд теңгеге 13 нысанның құрылыстары қолға алынды. Оның ішінде 3 магистралды және 10 ішкі орамдық кәріз жүйелері салынып, орталықтандырылған кәріз жүйелерімен қамтылған тұрғындар үлесі 54 пайызға жетпек. Сапалы электр энергиясымен қамтуда биылғы жылы 9,6 млрд теңгеге 14 нысанның құрылысы басталды. Электр желілерін жаңарту жұмыстары ең алдымен электр энергиясының сапасы төмен болып отырған 16 елді мекенді қамтиды.

Бүгінгі таңда қалада 33 елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен жартылай қамтылған болса, 8 елді мекенге газ жүйелері тартылмаған. Биылғы жылы халықты газбен қамту саласына 6,2 млрд теңге қаралып, 18 нысанның құрылысы басталды. Нәтижесінде газ тарату станциясы іске қосылып, 11 мыңға жуық тұрғын газ жүйелерімен қамтылмақ. Жыл соңына дейін қала тұрғындарын газбен қамту көрсеткішін 93 пайызға жеткізу көзделген.

Көлік инфрақұрылымын дамыту міндеттері шеңберінде биылғы жылы 163 көшені күрделі және орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Қаладағы басты транспорттық артерия – Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда. Ұзындығы 31,6 шақырымды құрайтын А-2 автомагистралі қайта құрылымдаудан өткізіліп отырса, оңтүстік және шығыс айналма жолдарының және 2 жолайырықтың құрылыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы қаланың коммуналдық инфрақұрылымының сапасын мақсат тұтып, көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Командующий РгК «Оңтүстік» Нацгвардии рассказал школьникам о мужестве и служении Родине

11.09.2026
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

11.09.2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған