• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БЕС АЙДА БЕС МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

17.07.2021
in Басты ақпарат
БЕС АЙДА БЕС МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Мемлекет басшысының туризмді дамытуға байланысты тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Соның бірі – Шымкентте туристерге арналған жаңа төлем картасы.  «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов «Ашық микрофон» жобасында Шымкентке қыдырып келуші азаматтарға жаңа «Tolem Tourist» картасы әзірленуде. Аталған пилоттық жоба аясында қаладағы туристік нысандарды бірыңғай картаға енгізіп, туристерге дайын жол картасы ұсынылмақ.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

23.02.2026
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

22.02.2026
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

21.02.2026

Өзіндік жеңілдіктер қарастырылған арнайы картаға енгізілетін кәсіпкерлік нысандарымен қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Алдын ала жасаған зерделеуге сүйенсек, картамен төлем жасау нысандардың әрқайсысына жеке-жеке төлем жасаудан бірнеше есеге арзанға түседі. Қазіргі таңда сатылым бағасы, жарамдылық мерзімі және жетілдіру бойынша жұмыстар басталып кетті,-деді.

Еркін форматта өрбіген жиында орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары айтылды. Ашық микрофон алаңына жиналғандар қаланың туристік әлеуетін талқылады. Бұл ретте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының жобалары тақырыпқа арқау болды. Айдарәлі Рамановтың айтуынша, бес айдың ішінде  5476 адамға ақпараттық- анықтамалық қызмет көрсетілген.

– Орталығымыз ресми түрде наурыз айында өз жұмысын бастады. Қолға алған алғашқы жобамыз Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Хызыр» мұнарасы. Тұрғындардың осы  тарихи нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізілсе деген өтініштері орындалды.  Сонымен бірге, туристік автобустарға арналған BUS STOP тұрақтары 6 локацияда орналастырылды. Атап айтсақ, Тәуелсіздік саябағы, Цирк, Дендро саябағы,  Бәйдібек би ескерткіші, Наурыз алаңы, Аль-Фараби алаңдарына орнатылды.  «Беркут» парашюттық федерациясы аумағында «Медиа-кемпинг» іс шарасы өткізілді, — деді орталық басшысы

Ал орталықтың қолға алған  ең ауқымды жобаларының бірі – «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы»  атты ел чемпионаты. Шілде айына жоспарланған он күндік ел біріншілігіне 500-ге жуық шахматшы қатысады деп күтілуде. 20 шілде әлемдік шахмат күнімен орайластырылып отырған шараның мақсаты – халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ! ОБЬЯВЛЕНИЕ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ОБЬЯВЛЕНИЕ!

23.02.2026
Сот төрелігі және жемқорлыққа қарсы саясат

Сот төрелігі және жемқорлыққа қарсы саясат

23.02.2026
ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

23.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған