• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 27 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«БИЕБАУ» ЭТНО-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

10.07.2021
in Басты ақпарат
МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Мемлекет басшысы халықтың ұлттық коды мықты болса, оның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болатындығын айтқан болатын. Ал ұлттық код туған тіліңмен, ұлттық салт-дәстүрмен сусындағанда мықты болмақ. Сондықтан да қазақы қаймағы бұзылмаған Шымкент қаласында ұлттық салт-дәстүр ерекше құрметтеледі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 160-ҚА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 160-ҚА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

26.06.2025

Жас ұрпақ та сол ұлттық қасиетін шыңдай түсуі, терең тани түсуі үшін барлық жағдай жасалған. Қаладағы ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, арнайы жасақталған этноауылда қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дәстүрлі тағамдар және басқалары үнемі насихатталып отырады. Сол арқылы жастардың ұлтын, Отанын сүю тәлімі қалыптасады.

«Shymqala» этноауылында   «Биебау» этно-танымдық шара онлайн форматта өтті. Аталған шарада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығы  насихатталып, әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару жолдары көрсетіліп,  жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы  кеңінен таныстырылды.

Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен  іс-шара аясында  биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді.  Әдет-ғұрыпқа жетік әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көріністер қойды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер  қымыздан дәм татып, келелі әңгіме айтты. Іс-шара соңы «Алтыбақан» ойын-сауығына ұласты.

Бұл этно-танымдық шараның толық нұсқасын алдағы уақытта «Оңтүстік» телеарнасынан және орталықтың әлеуметтік желі парақшаларынан көре аласыздар. Отбасымен бірге отырып көріп, ұрпақтарыңызға ұлттық қасиеттерді егу үшін этнотанымдық шараларды үнемі бірге көріңіздер.

Tags: «БИЕБАУ» ЭТНО-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІnewqazaq.kzЖаңа қазақ!шымкент
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ  ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН  ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26.06.2025
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 47 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 47 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

26.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған