• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СУДА ЕМДЕУ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛУДА

09.07.2021
in Басты ақпарат
СУДА ЕМДЕУ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛУДА

Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлінуін тапсырғаны белгілі. Мүмкіндігі шектеулілердің ерте жастан денсаулығын түзетуге, олардың қоғамнан оқшауланып қалмауына барлық жағдайды жасау арқылы олардың денсаулығын жақсартумен бірге өздерін қоғамға керек, оның толыққанды мүшесіндей сезінуіне жол ашамыз. Шымкентте осы бағыттағы жасалып жатқан жұмыстар аз емес.

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың 12 айы   жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

2025 жылдың 12 айы  жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

23.01.2026
ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

22.01.2026

Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында гидрокинезотерапия яғни, суда емдеу тәсілі қолданылуда. Білікті дәрігерлердің нұсқауы және бақылауымен тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балалар бұл емдік терапия түрін аптасына 3 рет 15-20 минут көлемінде қабылдауда.

Гидрокинезотерапия – бұл бұлшық еттің босаңсуына, рефлекстік қоздырғыш және бұлшық еттің спазмын төмендетуге, сал ауруларында қозғалыс көлемін ұлғайтуға жағдай жасайды. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының жалпы тонусы жоғарылайды.

– Балаларды жас ерекшеліктері мен жалпы жағдайларын ескере отырып, арнайы топтарға орналастырамыз. Санитарлық-гигеналық талаптарға сәйкес, шаштараз, монша, кір жуатын арнайы бөлмелер қарастырылған. Стационар жағдайында балалар 5 мезгіл ыстық рационалдық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген көмектің нәтижесінде балалардың қарапайым тұрмыстық дағдылары қалыптасып, өзіне-өзі күтім көрсете алатын дәрежеге жеткендері бар. Мәселен, 40-тан астам бала соңғы 3 жылда ата-ана қамқорлығына оның ішінде, біраз балаларымыз оң өзгеріске ие болып, отбасыларына оралды,-дейді орталықтың директоры Камилла Ауанасова.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталықта жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 135 бала тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 бала жартылай стационарда емдік оңалту шараларын қабылдауда. Орталықта медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек беріледі.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

2025 жылдың 12 айы   жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

2025 жылдың 12 айы  жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

23.01.2026
ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
46 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

В Шымкенте 46 семей получили ключи от новых квартир

22.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған