• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮСІНІСТІК ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

01.07.2021
in Басты ақпарат
ТҮСІНІСТІК ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Еліміз егемендігін жариялаған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында бұрынғы КСРО аумағында этностар арасында бірнеше қантөгістер орын алып, кейбір одақтас республикалар бөлшектеніп те кетті.Молдавия, Грузия, Әзірбайжан мемлекеттерінде кейбір этностар «егемендігін жариялап» әлі соғыс жағдайында үреймен өмір сүруде.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Бұрынғы Одақтағы ел иесі қазақ халқының саны азшылық болумен қатар жүзден астам этнос өкілдері өмір сүріп жатқан Қазақстанды талайлар бірнеше бөлшекке бөлініп кетеді, деп болжап жатты. Бірақ, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев бірінші кезекте ел шекарасын белгілеп, тұтастығын сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатпен Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблея ширек ғасырдан бері барлық этностарды қазақ халқының айналасына топтастыру мақсатында жұмыс жасап келеді. Соның арқасында елімізде қоғамдық келісім мен бірлік, ынтымақ салтанат құрып отыр.

Миллиондық тұрғыны бар Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қанаты астында 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарса, оларда барлығы 14 ақсақалдар алқасы, 12 аналар мен іскер әйелдер бірлестіктері, 9 жастар қанаттары, 8 жексенбілік мектептер ашылған. Қалалық ассамблеяның қоғамдық құрылымдары санатында Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қозғалысы табысты қызмет атқарып келеді.

Бұл қоғамдық ұйымдардың барлығы да этностар арасындағы түсіністік пен ынтымақ болуына қызмет етуде. Қазіргі кезде басқа этностар өкілдері Қазақстанмен тағдырын байланыстырып мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай отаншылдық қасиеттері де оянып келеді. Сондайлардың қатарында Тимур Пак есімді кәріс азаматы да бар. Ол:

«Мен кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған корейлердің төртінші ұрпағымын. Өз басым болашағымды Қазақстанмен байланыстырып, белін бекем буған жас буынның өкілімін. Шардарада туылып, Жетісайда жетілдім, Шымкентте  шыңдалдым. Ауылда өскеннен болар қазақ тілін жетік меңгердім, қазақи тәрбие алдым. Тіл білгенім, қазақтың көркем әдебиетіне оның ішінде Абай шығармаларына деген қызығушылығым мені бірталай белеске шығарды. Өміріме мән беріп, қайта қарауға ықпал етті»,-дейді.

Қазіргідей жаһандану заманында байтақ жері бар, халқының саны аз Қазақстан мемлекетінің азаматтары қоғамдық келісім мен бірлік, түсіністікпен бір мақсатқа жұмылғанда ғана жұтылып кетпей, бақытты да дәулетті өмір сүруге болатынын түсінді. Түсінгендер қатарында шымкенттіктер көп екені анық.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған