Бүгін онлайн режимде өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді. Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай баяндалды.
Ералы Лұқпанұлы барлық әкімдерге халықты жаппай вакциналау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
– Ай соңына дейін халықтың вакцинациялауға жататын бөлігінің 20 пайызына жеткілікті көлемде вакцина жеткізілді. Әкімдіктер вакциналау жұмыстарын күшейту қажет. Сонымен қатар,
Бүгінде Алматы, Шымкент қаласында, ШҚО, Түркістан, Алматы облыстарында мониторинг жұмыстары нәтижелі жүргізілуде, – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Айта кетсек, жыл басынан бері Шымкент қаласында мобильдік топтардың тексерулердің нәтижесінде 170 нысанға 174 айыппұл салынды (оның ішінде, 162 — жеке тұлға, 11 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға).
Тексеру нәтижесі бойынша 22 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданып, 15 нысан бойынша сот шешімі қабылданды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі