Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Шымкент ҚПД-нің Еңбекші ауданы Полиция басқармасына тұрғындар «L-Capital Finance» ЖШС, «Береке қаржылық сауаттылық орталығы» ЖШС және «L-Capital» АҚ мекемелерінің басшылығы алдау жолымен және сенімді теріс пайдалана отырып, олардың ақшаларын иемденгені туралы ұжымдық арыз берді.
Қазіргі уақытта, «L-Capital Finance» ЖШС, «Береке қаржылық сауаттылық орталығы» ЖШС және «L-Capital» АҚ мекемелері басшылығының әрекеттерінен зардап шеккендердің нақты саны нақтылануда.
Егер де Сіз аталған мекемелердің тарапынан зардап шеккен болсаңыз, Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына +7 (702) 804-62-77 және +7 (701) 395-40-80 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласы ПД-нің Баспасөз қызметі.