Қала әкімі Д.Қонаев даңғылы жалғасының ІІІ кезеңінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі құрылыстың жалпы ұзындығы – 0,561 шақырым. 6 жолақты көшенің ені – 42 метр.
Жауапты мердігер мекеме – «КазахДорСтрой» ЖШС. Бүгінге дейін игерілген қаржы – 691,0 млн теңге. 2021 жылға қаралғаны қаржы көлемі 3 975,3 млн теңге: республикалық бюджет – 500 млн, жергілікті бюджет – 50 млн теңге.
Сондай-ақ, 42 учаске бойынша жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылғаны – 24, сотқа жолданғаны – 8, бағаланғандары – 6.
Қазіргі таңда айналма темір жолын (745 м), кәріз құбырын салу (948 м), кабель желілері (3,4 шақырым), бағана орнату (24 дана), жер жұмыстары — (5 500 текше метр), жер асты жаяу өткелі (2 дана), свай құю (17 дана), үйлерді сүру жұмыстары (3 дана) орындалды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.