• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 28 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Цифрлық өңірлерді қалыптастыру: Қазақстан технологиялық экожүйелерді ауқымдандыруда

28.03.2026
in Басты ақпарат
Цифрлық өңірлерді қалыптастыру: Қазақстан технологиялық экожүйелерді ауқымдандыруда

Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және өңірлерде тұрақты технологиялық экожүйелерді қалыптастыруға арналған «Қазақстанның цифрлық өңірлері» атты дөңгелек үстел өтті.

Оқи отырыңыз...

Digital Qazaqstan Battle финалы: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Digital Qazaqstan Battle финалы: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

28.03.2026
Astana Hub пен EmAI medtech-стартапы Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауды дамыту үшін күш біріктіреді

Astana Hub пен EmAI medtech-стартапы Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауды дамыту үшін күш біріктіреді

28.03.2026
«ТҮРКІСТАН АРЕНА» УЕФА ТУРНИРЛЕРІ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ РЕСМИ МАТЧЫН ҚАБЫЛДАП, СТАДИОН ЖАНКҮЙЕРГЕ ТОЛДЫ

«ТҮРКІСТАН АРЕНА» УЕФА ТУРНИРЛЕРІ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ РЕСМИ МАТЧЫН ҚАБЫЛДАП, СТАДИОН ЖАНКҮЙЕРГЕ ТОЛДЫ

28.03.2026

Қатысушылар жекелеген цифрландырудан деректер, өңірлік IT-хабтар және кадрлар даярлау негізгі рөл атқаратын жүйелі даму моделіне көшу мәселелерін талқылады. Қалалық ортаны басқарудан бастап агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға дейінгі жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізудің базалық инфрақұрылымы ретінде өңірлік «деректер көлдерін» (data lakes) құруға ерекше назар аударылды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун өңірлердегі зияткерлік жүйелер — бұл жай ғана технология емес, ең алдымен тиімділік, сервистерге тең қолжетімділік және нақты экономикалық қайтарым екенін атап өтті. «Біздің міндетіміз — кез келген ауылдық округтің тұрғыны медицинаға, білім беруге және мемлекеттік қызметтерге мегаполис тұрғыны сияқты зияткерлік қолжетімділікке ие болуы үшін бірыңғай цифрлық стандарттарды енгізу. Цифрлық жайлылық әрбір қазақстандықтың өмір сапасының базалық стандартына айналуы тиіс», — деді.

Экожүйелік даму тақырыбын жалғастыра отырып, Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев жергілікті технологиялық экожүйелердің өсу нүктелері ретінде өңірлік IT-хабтарды қалыптастыру стратегиясын таныстырды. Ол Қазақстанның цифрлық трансформациясы жаңа кезеңге шыққанын, онда өңірлер таланттарды, инвестицияларды және технологиялық кәсіпкерлікті тарту орталықтарына айналатынын атап өтті.

Astana Hub жұмысының нәтижелері 19 өңірлік IT-хабты дамытудың пайдасына қуатты дәлел болды. Орталық алаңның жетістіктері айтарлықтай: Google және Microsoft тарапынан инвестициялар ағыны, 30 000 жұмыс орнының құрылуы және қатысушылардың жиынтық табысының 67 есеге (2,5 трлн теңгеге дейін) өсуі. Елордада сыналған бірегей салықтық мультипликатордың арқасында өңірлік хабтар дайын табыс формуласына ие болады. Бұл желіні дамыту IT-индустрияны децентрализациялауға мүмкіндік беріп, жергілікті бизнеске ел ауқымында нәтиже берген қарқынды өсу мен инфрақұрылымды кеңейту құралдарын ұсынады.

Сондай-ақ, ол экожүйені дамыту Startup School және Startup Orda бағдарламаларынан бастап, Google for Startups-пен бірлесіп іске асырылатын Silkway Accelerator, Hero Training және AlchemistX сияқты халықаралық акселераторларға дейінгі толық иірім принципі бойынша құрылатынын атап өтті. Бұл стартаптарға инвестиция тартуға, инфрақұрылымға қол жеткізуге және АҚШ, БАӘ және Қытай нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Сәтті кейстердің қатарында CITIX және Arlan Biotech жобалары бар, олар Қазақстанның өңірлер арасындағы технологиялық көпір ретіндегі әлеуетін растайды.

Alem.ai Foundation бас директоры Адина Мағауина өз сөзінде кадрлар даярлау мәселесін цифрлық трансформацияның негізгі элементі ретінде қарастырды. Ол заманауи IT-білімге тегін қолжетімділікті қамтамасыз ететін, жасанды интеллект, бағдарламалау және креативті индустриялар саласындағы мамандардың жаңа буынын қалыптастырудың негізі ретінде TUMO және Tomorrow School жобаларын таныстырды.

Alem.ai базасында іске асырылған TUMO Astana орталығы 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ЖИ, IT және цифрлық индустриялар бағыттары бойынша қосымша білім беретін халықаралық креативті технологиялар орталықтары желісінің бөлігі болып табылады. Орталыққа қазірдің өзінде 2700-ден астам қатысушы тіркеліп, 1600-ден астам оқушы қабылданған. Бұл алаң желіні Қазақстанның өңірлерінде одан әрі ауқымдандыру үшін пилоттық және операциялық хаб рөлін атқарады.

Өз кезегінде, Tomorrow School — бұл дәстүрлі мұғалімдерсіз, нақты жобалармен жұмыс істеуге және қатысушылардың өзара оқуына негізделген Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі. Қазіргі уақытта жоба ауқымданудың белсенді кезеңіне өтті: кампустарды іске қосу жұмыстары өңірлік жоғары оқу орындарымен және жергілікті атқарушы органдармен серіктестікте 17 облыста және республикалық маңызы бар 2 қалада жүргізілуде.

Пікірталасқа сондай-ақ Шымкент қаласының цифрлық трансформация басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысты. Талқылау барысында қатысушылар Smart City-ді дамытуды, ЖИ-ді агроөнеркәсіптік секторға енгізуді, аудан орталықтарында IT-инфрақұрылымды құруды және цифрлық мемлекеттік сервистердің қолжетімділігін арттыруды қоса алғанда, қалалар мен ауылдық аумақтар деңгейінде цифрлық шешімдерді практикалық іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Шымкентте Digital Qazaqstan 2026 форумы өтуде. Шараның тақырыбы — «Industry 5.0: Іс-қимыл бірлестігі». Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.

Биыл форумды ұйымдастыру серіктестеріміз бен демеушілеріміздің қолдауының арқасында мүмкін болды. Барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен өтеледі.

Форумның бас серіктесі — Freedom Bank — Freedom Holding Corp. құрамына кіретін жеке және корпоративтік клиенттерге арналған қазақстандық цифрлық банк. Банк Қазақстанда бірінші болып ипотеканы, авто және бизнес-несиелерді цифрландырды, сондай-ақ елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын шығарды.

Платина серіктесі — Alageum Electric — электр энергетикасы, машина жасау және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы 30-дан астам кәсіпорынның басын біріктіретін Қазақстанның ірі электротехникалық компаниялар тобы.

Алтын серіктесі — Қазақтелеком.

Инновациялық серіктестер — WSE, Damumed.

Серіктес — Visa.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Цифрлық өңірлерді қалыптастыру: Қазақстан технологиялық экожүйелерді ауқымдандыруда

Цифрлық өңірлерді қалыптастыру: Қазақстан технологиялық экожүйелерді ауқымдандыруда

28.03.2026
Digital Qazaqstan Battle финалы: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Digital Qazaqstan Battle финалы: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

28.03.2026
Astana Hub пен EmAI medtech-стартапы Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауды дамыту үшін күш біріктіреді

Astana Hub пен EmAI medtech-стартапы Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауды дамыту үшін күш біріктіреді

28.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған