Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады. 📌 Онлайн марафонда саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады. Марафонға қатысты мәліметтер мен жедел ақпараттар «Референдум – 2026» Телеграм арнасында тұрақты түрде жарияланып отырады. Онлайн трансляция 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞 желісіндегі ресми каналымызда жүргізіледі.





