• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 12 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТОҚАЕВ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

12.03.2026
in Без рубрики
ТОҚАЕВ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты.

Оқи отырыңыз...

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

12.03.2026
Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

12.03.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ СҰХБАТ ОРНАТА БІЛУІ КЕРЕК

ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗІРГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫНА САЙ КЕЛЕДІ

12.03.2026

«Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекеттік мекемелер жекелеген басшылардың қалауына қарай емес, Конституцияға және тиісті заңға сәйкес жұмыс істейді. Саяси жаңғырудың мән-маңызы да – осында.

Мемлекеттік биліктің табиғи, яғни эволюциялық жолмен дамуы мызғымас сипатқа ие болды. Бұл маңызды жұмысты тоқтату, тіпті, өткенді кері қайтару да мүмкін емес. Себебі халық ондайға жол бермейді. Мен бұған кәміл сенемін.

Бүгінде мемлекеттік құрылымның жаңа үлгісі ұсынылып отыр. Соған сәйкес биліктің барлық тармағы шешім қабылдаған кезде бірдей тәуелсіз болады. Ал Президент олардың кедергісіз, үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Еліміздің басты өкілді органы – Құрылтайдың құзыреті кеңейе түседі. Бір палаталы Парламент тиімді заң шығару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәртіп пен ішкі реформалар түбегейлі өзгеріп жатқан кезеңде заманауи сын-қатерлерге дер кезінде төтеп беру бәсекеге қабілетті мемлекеттің басты сипатына айналды. Сондықтан бұл шешімнің маңызы зор», — деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жоғары кеңесші орган саналатын Халық Кеңесі мемлекет пен қоғам, әртүрлі әлеуметтік-этностық топтар арасында сенімді байланыс орнататынын айтты.

«Халық Кеңесіне заң шығару бастамасын беру оның институционалдық рөлін нығайта түседі.

Барлық саяси жаңғыру ел тағдырына институционалдық жауапкершілікті күшейту ниетінен туындап отыр. Бір ғана тірекке арқа сүйеген саяси жүйе әлсіз болады әрі ұзаққа шыдамайды. Мұны әлемдік тәжірибе дәлелдеді.

Біз, шын мәнінде, халықтық билік қалыптастырудамыз. Оның өзегінде әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық, Заң мен тәртіп үстемдігі, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтау, білім, ғылым және технологияның дамуына басымдық беру, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау секілді ешқашан ескірмейтін, мәнін жоймайтын құндылықтар жатыр», — деді ол.

Президент 1995 жылғы Конституцияда мемлекеттік билікті нығайтуға басымдық берілгеніне назар аударды. Өйткені, оның айтуынша, сол заманның биігінен қарағанда, бұл орынды еді. Өйткені Тәуелсіздіктің елең-алаңында заң шығару қызметін қамтамасыз ету қажет болды.

«Қолданыстағы Конституцияны сынға алудың қажеті жоқ. Өйткені бұл құжат мемлекетіміздің іргесін бекемдеуге оң ықпал етті.

Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тарихи еңбегін ұмытпағанымыз ләзім.

Қазіргі қоғам өмірінде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидаттың өзектілігі артты. Сондықтан жаңа Конституцияның бойынан осы ұстаным анық аңғарылады.

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға 30 баптан тұратын ең үлкен бөлімнің арналуы тегін емес. Бұл – Ата заңның шамамен үштен бірі. Салыстырмалы түрде айтсақ, Президент туралы бөлім небәрі 10 баптан тұрады.

Азаматтарымыздың құқығына қатысты көптеген нормаға жаңа мазмұн беріліп, мән-маңызы арта түсті. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын, отбасылық және адами құндылықтарды көздің қарашығындай сақтайтынымызды Ата заң деңгейінде айқындадық.

Бұл – халқымыздың ажырамас құқығы. Ешбір саясаткердің, иә болмаса қоғам белсендісінің, шетелдік немесе отандық үкіметтік емес ұйымның ешқашан бұған күмән келтіруіне, сынап-мінеуіне қақысы жоқ. Оған жол бермейміз.

Халқымыздың басым бөлігі отбасын қолдау бағытындағы мемлекеттік саясатты құптайды. Өйткені отбасы дегеніміз – ұлттың жаңа қасиетін қалыптастырып, адал азаматты тәрбиелеп шығаратын алтын ұя.

Азаматтарымыздың мүддесін қорғау – ең маңызды мемлекеттік міндет. Сайып келгенде, бұл егемендігімізге, ұлтымыздың баянды болашағына қатысты мәселе», — деді Мемлекет басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

12.03.2026
Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

Армия поддерживает тех, кто хочет двигаться вперёд: солдат Национальной гвардии развивает мобилографию и снимает жизнь воинской части

12.03.2026
Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

Алға ұмтылғандарға әскер қолдау көрсетеді: Ұлттық ұланның сарбазы мобилографияны дамытып, әскери бөлім өмірін таспалауда

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған