• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 11 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Бір «скан-қимыл» ақшаңызға минус»: алаяқтар қызмет көрсету саласында жалған QR-кодтарды қалай пайдаланады

10.03.2026
in Басты ақпарат

QR-кодтар біздің күнделікті өміріміздегі қалыпты бөлігіне айналды. Біз кофе, бензин, көлік тұрағына, көрсетілген қызмет үшін ақыны телефон экранын бір басып, скан жасау арқылы төлейміз. Қызмет көрсету саласында QR-кодтар терминалдар мен қағаз мәзірдің орнына жүріп, соның арқасында қызметті әп-сәтте алу мүмкіндігіне ие болдық. Дәл осыны енді алаяқтар пайдалануда.
Бүгінгі таңда алаяқтарға банк жүйесін бұзудың қажеті жоқ, олар оның жеңіл жолын тапқан, яғни қызметтер көрсету саласында QR-кодтарды ауыстырып, адамдарды жаған сайттарға бағыттайды.
Бұл қалай жұмыс істейтіні және неге мұқият адамның өзі неліктен олардың құрығына түсіп қалатындары жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.

Оқи отырыңыз...

«Один скан и минус деньги»: как мошенники используют поддельные QR-коды в сфере услуг

10.03.2026

Антифрод орталық: қаржылық алаяқтыққа қарсы күрестің алғашқы нәтижелері

10.03.2026

Антифрод центр: первые результаты борьбы с финансовым мошенничеством

10.03.2026

 

Схема қалай жұмыс істейді

QR-код — бұл тек шифрланған сілтеме. Өзі ол ешқандай қауіп тудырмайды. Қара төртбұрыштардан тұратын сурет қауіпті емес, қауіптісі оның қайда апаратыны.
QR-кодты кез келген онлайн- сервистің көмегімен бір минут ішінде жасай аласыз. Шынайы кодты ауыстыру да оңай: тек жаңа кодты басып шығарып, оны түпнұсқаның бетіне жабыстырсаңыз жеткілікті. Пайдаланушы кодтарды сканерлейді — және кафе, тұраққа төлем жасау автоматының немесе төлем сервисінің ресми сайтының орнына сырт көзбен қарағанда шынайы беттен аумайтын жалған бетті ашады. Логотиптер, фирмалық түстері, сайттың құрылымы — бәрі әдеттегідей көрінеді және күдік тудырмайды.

Оқиға ары қарай әр түрлі сценариймен өрбуі мүмкін. Алаяқтар «төлем жасау» немесе «тапсырысты растау» үшін банк картасының деректерін енгізуді, «операцияны орындау үшін» СМС-пен келетін кодты сұратады, «қосымшаны жаңартуды» орнатуды немесе қосымша сілтемеге өтуді сұрайды. Кейбір беттерде автоматты түрде іске қосылатын бәсекеге қабілетті скрипт сақталуы мүмкін.

Болған оқиғалар: бұл іс жүзінде қалай болады

«QR бойынша мәзір»

Ірі қаладағы кафелердің біріне келуші мейман үстелдегі QR-кодты сканерлейді. Әдеттегідей, мәзір ашылып, ешбір күдік туғызбайды. Соңынан төлем жасаған кезде оған «төлемді растауды» — SMS-пен келген кодты енгізуді сұрйыд. 20 минуттан кейін шоттан 180 000 теңгеден астам ақша есептен шығарылады. Кейін белгілі болғандай, түпнұсқа QR-дың үстіне жалған коды бар мөлдір пленка жабыстырылғаны анықталды. Мекеме иелері ол жөнінде мейманнан шағым түскеннен кейін ғана білген.

«QR бойынша тұраққа төлеу»

Ер адам терминалдағы QR-коды арқылы тұрақ ақысын төледі. Ашылған сайт қалыпты болып көрінді —дизайні, логотипі және құрылымы бірдей. Айырмашылық байқалмады: домен тек бір әріппен ерекшеленді.
Ол 500 теңге төлеу үшін карта деректерін енгізді. Төлем өтті, бірақ кейінірек картадан бірнеше рет үлкен сома төленген болып шықты.

«Мерзімі өтіп кеткеннен кейінгі жеткізу»

Тұрғын есік алдында QR-коды мен «Жеткізу мәліметтерін нақтылау үшін QR бойынша өтуіңізді сұраймыз» деген қолтаңбасы бар хабарлама алды. Хабарлама ақылға қонымды болып көрінді — жөнелтушіні көрсетпестен, бірақ жеткізу қызметтеріне тән жазбамен. Кодты сканерлеу кезінде сайт ашылды, онда «қайта жіберу» ақысы — 1200 теңгені төлеу ұсынылды. Парақша әдеттегідей көрінді: стандартты ақы төлеу нысаны, аз мәтін, карта деректерін енгізу өрісі және растау батырмасы.
Ер адам деректемелерді енгізді және кейінірек бұл деректер сыртқы сайттарда онлайн сатып алу үшін пайдаланылды.

Мұндай схемалардың жұмыс істеу сыры неде?

QR-кодын көзбен «оқу» мүмкін емес — біздің алдымызда тек ақ-қара квадрат, ал нақты адресат сканерлеуден кейін ғана ашылады. Адам сілтеменің нақты қайда апаратынын алдын-ала көрмейді, сондықтан техникалық белгілерге емес, сыртқы контекстке назар аударады: тақта, логотип, таныс орта.
Осыны алаяқтар пайдаланады. Олар банктердің қорғанысын бұзуға тырыспайды, олар адамдардың іс-қимылын қолданады: байланыссыз ақы төлеу әдеті; таныс интерфейс пен дизайнға деген сенім; кезекте, автотұрақта немесе жеткізу кезіндегі асығыстық және іс-әрекеттің автоматты түрде болуы.
Салдарынан назар тексеруден қарағанда жылдамдыққа ауысады және адам өз деректеріне қол жеткізу нені ашатыны туралы ойланбастан әрекетті растайды.

Алаяқтардың қармағына қалай түспеуге болады?

QR-коды бар тақтайшаны немесе жапсырманы мұқият тексеріңіз. Егер код екіншісінің үстіне желімделген болса, түсі, өлшемі әртүрлі болса немесе ескі бетінде жаңа болып көрінсе — сканерлемеген дұрыс.
Өткеннен кейін сайттың мекенжайын тексеріңіз: ол ресми болуы, https-тен басталуы, құлып белгісі болуы тиіс және тақырыпта қосымша таңбалар, цифрлар немесе қателер болмауы тиіс.

Төлем жасамас бұрын компанияның атауы мен төлем сомасы көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер сайт карта деректерін «тек кіру үшін» енгізуді сұраса, бұл тоқтауға себеп болады.
Тексерілген көзде төлемге өзіңіз бастама жасамасаңыз, ешқашан CVV, PIN-кодтарын және растау кодтарын енгізбеңіз.
Қосымшаларды орнатпаңыз немесе оларды QR-кодтарындағы сілтемелер арқылы жаңартпаңыз, ресми қызметтер тек App Store-ден немесе Google Play-ден жүктеледі.
Ақы төлеу үшін таныс банктік қосымшаларды ғана пайдаланыңыз, ал күмәндансаңыз, балама ақы төлеу тәсілдерін сұраңыз (касса, терминал, қағаздағы прайс).
Күтпеген сәлемдемелер мен хабарландырулардан сақ болыңыз: ақпаратты QR-коды арқылы емес, жеткізу қызметі арқылы тікелей тексеріңіз.
Интернеттегі операцияларға қаражат қозғалысы туралы хабарламалар мен лимиттерді қосыңыз, бұл күдікті есептен шығаруды уақытында байқауға көмектеседі.

Егер сіз күдікті кодты сканерлеген болсаңыз, онда:
— банкке дереу хабарласыңыз және қажет болған жағдайда картаны бұғаттаңыз;
— интернет-банкте, электрондық поштада және басқа да маңызды қызметтерде құпиясөздеріңізді өзгертіңіз;
— барлық аккаунттарыңыз үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
— құрылғыдағы интернетті өшіріп, оны антивируспен тексеріңіз.
Сондай-ақ алдағы күндері сіздің шотыңыздағы барлық операцияларды мұқият қадағалап отыруды ұсынамыз.

Бүгінгі таңда алаяқтық өзін ыңғайлы етіп жасырады: бәрі тез, қалыпты және күдіксіз. Сондықтан цифрлық қырағылық артық сақтық емес, жаңа қаржылық әдет. Кейде қауіпсіздік «сканерлеу» батырмасын басқанға дейін бір секундтық үзіліс болып табылады.

Өзіңізге, ақшаңызға қамқор болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Бір «скан-қимыл» ақшаңызға минус»: алаяқтар қызмет көрсету саласында жалған QR-кодтарды қалай пайдаланады

10.03.2026

«Один скан и минус деньги»: как мошенники используют поддельные QR-коды в сфере услуг

10.03.2026

Антифрод орталық: қаржылық алаяқтыққа қарсы күрестің алғашқы нәтижелері

10.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған