• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 4 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Отанға адалдық – жүрек таңдауы

04.03.2026
in Без рубрики
Отанға адалдық – жүрек таңдауы

Бүгінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы қатарында әйелдер ерлермен тең дәрежеде сапта тұр. Олар әскери қызмет атқарып, бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етіп, жеке құрамның тәртібі мен моральдық рухын нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Отанға адал қызмет етіп жүрген жандар туралы айту аса маңызды. Себебі елге қызмет ету – жай ғана мамандық емес, бұл – жүрек қалауымен таңдалған өмірлік жол.

Оқи отырыңыз...

«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

04.03.2026
Отанға адалдық – жүрек таңдауы

По зову сердца — в погонах

04.03.2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА «VOICE WALL» ИНТЕРАКТИВТІ АЛАҢЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

04.03.2026

Осындай абыройлы міндетті арқалап жүрген жандардың бірі – майор Кульназарова Алия Алиханқызы. Ол Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі (психолог) лауазымында қызмет атқарады.

Алия Алиханқызы 1982 жылғы 27 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы №32 орта мектепті тәмамдап, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «практикалық психолог» мамандығы бойынша оқуға түседі. Студенттік жылдарының өзінде-ақ ол адамдарға жанашырлықпен қарау, тыңдай білу және көмек көрсетуге ұмтылу қасиеттерімен ерекшеленген.

Өмірлік жолын айқындауда анасы – Гульжан Ельтайқызы Кульназарованың ықпалы зор болды. Ол сол кезеңде ішкі істер органдар жүйесінде қызмет еткен. Қызметтің мәні мен жауапкершілігін терең түсінген анасы қызына тағдырын әскери қызметпен байланыстыруға кеңес береді.

– «Анам қызметтің жай ғана жұмыс емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін үнемі айтатын, – деп еске алады Алия Алиханқызы. – Ол менің бойымнан погон тағуға лайық қасиеттерді көріп, осы жолды таңдауыма қолдау білдірді. Бүгінде сол ақылы үшін анама ризамын».

Ата-анасының тәртіпке беріктігі, принципшілдігі мен борышқа адалдығы болашақ офицердің берік өмірлік ұстанымының негізін қалады.

2003 жылы университетті бітіргеннен кейін Алия Алиханқызы еңбек жолын 6506 әскери бөлімінде психолог болып бастайды. Алғашқы екі жыл қызметші ретінде жұмыс істеп, әскери ұжымның ерекшеліктерін терең меңгереді.

2005 жылы әскери қызметке шақырылып, әскери қызметші мәртебесіне өтеді. Бұл – үлкен жауапкершілік пен ішкі дайындықты талап еткен маңызды шешім еді. 2009 жылы оған алғашқы офицерлік шен – лейтенант атағы беріледі. Содан бері майор Кульназарованың қызмет жолы жүйелі әрі лайықты түрде өрбіді. Ол бірнеше мәрте ведомстволық марапаттарға ие болып, білікті маман әрі сенімді офицер ретінде танылды.

Әскери психологтың қызметі – айрықша миссия. Бұл тек тестілеу мен кеңес беру ғана емес, сонымен қатар жеке құраммен, әсіресе жас сарбаздармен күнделікті тығыз жұмыс жүргізу.

– «Әрбір сарбаз әскери бөлімге өз мінезімен, өз өмірлік тәжірибесімен, өз уайымымен келеді, – дейді майор Кульназарова. – Біздің міндетіміз – олардың ортаға бейімделуіне көмектесу, қолдау көрсету, мәселені дер кезінде байқап, оның күрделі дағдарысқа айналуына жол бермеу».

Әріптестерінің айтуынша, Алия Алиханқызы әр адамның тілін таба біледі. Оны іскерлік, әдептілік және адамдар тағдырына деген шынайы жанашырлық қасиеттері ерекшелендіреді. Ол мықты әскер ең алдымен рухы берік, өзіне сенімді әскери қызметшіден басталады деп есептейді.

Қызмет Алия Алиханқызы үшін тек кәсіби таңдау ғана емес, тағдырын жолықтырған орын да болды. 2003 жылы 6506 әскери бөлімінде ол болашақ жары – сол уақытта 1-ротаның старшинасы болған Салиев Абай Шәріпұлы танысады. 2004 жылы жас жұбайлар шаңырақ көтерді.

Бүгінде майор Салиев осы әскери бөлімде жауынгерлік дайындық бөлімшесі бастығының көмекшісі қызметін атқарады. Екі офицердің отбасы – өзара түсіністік пен қолдауға негізделген ерекше одақ.

– «Біз бір-біріміздің қызмет ерекшелігін сөзсіз-ақ түсінеміз, – дейді Алия Алиханқызы. – Әрине, екеуміз де погонда болған соң, кейде оңай емес. Бірақ бізді біріктіретін ортақ құндылықтар мен Отанға деген сүйіспеншілік».

Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр – үш ұл, екі қыз. Көпбалалы ана үшін қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен, офицердің айтуынша, оған күш пен шабыт беретін – отбасы.

– «Балаларым – менің мақтанышым әрі қуанышым. Олар анасының қызмет ететінін, оның еңбегі маңызды екенін біледі. Мен оларға адал еңбек пен жауапкершіліктің кез келген жетістіктің негізі екенін өз үлгі-мысалыммен көрсетуге тырысамын».

8 наурыз қарсаңында майор Кульназарова Алия Алиханқызының бейнесі – погондағы заманауи қазақстандық әйелдің айқын көрінісі. Ол кәсібилік пен жан жылуын, офицерлік талапшылдық пен әйелге тән парасаттылықты үйлестіре білген тұлға.

Оның күнделікті еңбегі әскери қызметтің тек сап түзеп, бұйрық орындаумен шектелмейтінін дәлелдейді. Бұл – адамдарға қамқор болу, қолдау көрсету, рухани тірек болу. Сондықтан әйел-офицердің ел қорғанысын нығайтуға қосқан үлесін бағалау мүмкін емес.

Көктем мерекесі қарсаңында майор Кульназароваға және әскери қызмет атқарып жүрген барша әйелдерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және ашық аспан тілейміз.

Өйткені қуатты әскердің артында мықты адамдар тұрады. Солардың қатарында Отанға тек борышпен ғана емес, жүрек қалауымен қызмет ететін әйелдер де бар.

 

 

Капитан Олжас ӘДІЛБЕК

Шымкент қаласы

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

04.03.2026
ТУРКЕСТАН: ОШТРАФОВАНЫ ПРЕДПРИЯТИЯ, ДОПУСТИВШИЕ НАРУШЕНИЯ В СФЕРЕ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ

ТУРКЕСТАН: ОШТРАФОВАНЫ ПРЕДПРИЯТИЯ, ДОПУСТИВШИЕ НАРУШЕНИЯ В СФЕРЕ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ

04.03.2026
«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

«Мамандығымды – мақтанышым деп білемін»

04.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған