• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

13.02.2026
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Бұл конституциялық реформаларды қолдау және халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

13.02.2026
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлеріне Конституциядағы маңызды өзгерістер түсіндірілді

13.02.2026

Өңірлік коалиция құрамына 5 саяси партияның облыстық филиалдары, беделді қоғам қайраткерлері, тәжірибелі заңгерлер, мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сарапшылар енді. Құрамға енген 457 адам барлық аудан қалаларда, халықтың барлық санатымен 1959 кездесулер өткізіп, конституциялық реформалар аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіретін болады.

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары, Конституциялық реформа жөніндегі кеңес мүшесі Нұралы Әбішов жаңа Конституция жобасының ұсынылуы елдің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындап бергенін, бұл тарихи шешім екенін жеткізді.

«Алдағы негізгі жұмыс – реформалардың мазмұнын халыққа жан-жақты әрі түсінікті түрде түсіндіру. Әр азамат оның маңызын терең ұғынып, ел дамуына әсерін айқын сезінуі тиіс. Бұл – қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілікті нығайтудың маңызды қадамы. Реформалардың тиімді жүзеге асуы азаматтардың белсенді қолдауы мен сеніміне тікелей байланысты», – деді Нұралы Әлмаханұлы.

Жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Алтынсары Үмбетәлиев Жалпыұлттық коалицияның құрылуы қоғамды ортақ мақсат жолында топтастырудың айқын көрінісі екенін атап өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері Жалпыұлттық коалиция аясында біріккені – қоғамның жаңа Конституцияға деген жауапкершілігін көрсететіндігін тілге тиек етті.

Штаб мүшелері Қазақстан Халықтық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Искак Ахметов, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры Сәбит Баймахамбетов бұл реформалар ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілген қоғамдық сұраныстың нәтижесі, бәсекеге қабілетті, заманауи мемлекет құрудың негізі екеніне тоқталды.

Облыста 1 миллион 195 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Алдағы референдумды қолдау және үйлестіру мақсатында партия филиалдары жанынан 18 өңірлік коалиция құрылған. Құрамына «AMANAT», «Ауыл», «Ақ жол», «Қазақстан Халықтық партиясы» және «Respublica» партияларының өкілдері енді.

Өңірлік коалицияның құрылуы конституциялық реформаларды кеңінен насихаттау мен түсіндірудің тиімді тетігі. Алдағы кезеңде коалиция мүшелері халықпен ашық диалог жүргізіп, жаңа құқықтық нормалардың мәні мен мазмұнын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

13.02.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

13.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған