• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 5 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда жас кәсіпкерлермен галстуксіз форматтағы ашық кездесу өтті

05.02.2026
in Басты ақпарат
Түркістанда жас кәсіпкерлермен галстуксіз форматтағы ашық кездесу өтті

Бүгін Түркістанда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Жас кәсіпкерлер клубының «галстуксіз форматтағы» кезекті отырысы өтті. Кездесу жас кәсіпкерлер мен даму институттары арасындағы ашық диалог алаңына айналды.

Оқи отырыңыз...

Комплексная модернизация политической системы страны – требование времени

05.02.2026
Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы

Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы

05.02.2026
Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді

Новая Конституция обеспечит устойчивое развитие страны

05.02.2026

Іс-шараны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Ауелбеков жүргізді. Кездесудің басты мақсаты – жас кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін еркін форматта талқылау, мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ жаңа идеялар мен жобаларға жол ашу.

Отырыстың ашылуында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев алғы сөз сөйлеп, Палатаның жас кәсіпкерлерді қолдаудағы ұстанымына тоқталды.

«Бүгінгі кездесудің галстуксіз форматта өтуі – біз үшін өте маңызды. Себебі ашық диалог, еркін пікір алмасу және нақты ұсыныстар ғана бизнесті алға жылжытады. Кәсіпкерлер палатасының басты мақсаты – кәсіпкерлерге кедергі емес, сенімді серіктес болу», – деді Палата директоры.

Кездесу барысында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының басшысы Асқар Абубакиров «Креативті жобаларды құрудағы жастардың пайдаланылмаған мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, туризм мен шығармашылық индустриядағы жаңа бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар, «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Берік Кенжебаев, Astana Hub Түркістан қалалық филиалының басшысы Алихан Сламбек, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өңірлік өкілдері қаржыландыру және бизнеске сервистік қолдау тетіктері туралы ақпарат берді.

Іс-шараның екінші бөлігінде жас кәсіпкерлер өз жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасты. Сұрақ-жауап форматында бизнесті жүргізу барысында кездесетін нақты мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.

Өз сөзінде Асылан Ибадуллаев Палата жүзеге асырып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» бастамасы мен шағын және микробизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бағдарламасына ерекше тоқталды. Аталған бағдарламалар ауыл жастары мен жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыру мен кешенді қолдау ұсынуға бағытталғанын атап өтті.

«Палата қандай да бір мәселені жеке кәсіпкердің емес, бүкіл бизнес-қоғамдастықтың мәселесі ретінде қарайды. Біз жас кәсіпкерлер үшін әрдайым ашықпыз және идеяларыңызды қолдауға дайынбыз», – деді ол.

Жиын соңында қатысушылар мұндай еркін форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, оларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін жеткізді. Кездесу жас кәсіпкерлер үшін жаңа серіктестікке, нақты ұсыныстар мен бастамаларға жол ашқан тиімді алаң болды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Комплексная модернизация политической системы страны – требование времени

05.02.2026
Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы

Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы

05.02.2026
Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді

Новая Конституция обеспечит устойчивое развитие страны

05.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған