• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 30 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
in Басты ақпарат
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді.

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУСТЯТ КРУПНЕЙШИЙ В СТРАНЕ ПРОМЫШЛЕННЫЙ ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС

29.01.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

29.01.2026

Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане

28.01.2026

Негізгі макроэкономикалық көрсеткішті талдау экономиканың шамадан тыс артуда емес, дұрыс трансформация кезеңінде екендігін айқын көрсетеді.

«Қызып кету» ұғымы ресурс тапшылығына әкелетін ықтимал мүмкіндіктен артық өсуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай белгі байқалмайды.

2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты, 4,6-4,7% деңгейінде. Жалақының өсу қарқыны ЖІӨ динамикасынан артта қалып отыр. Бұл қызып кеткен экономикаға тән емес.

Нақты сектордың немесе тауар өндірісінің өсуі (2025 жылы 8,7%-ға) қызмет көрсету секторының өсуінен (5,3%-ға) айтарлықтай озып кетті. «Қызып кету» кезіндегі классикалық көрініс керісінше жүріп, қызметтер мен сатылмайтын секторлар нақты секторға қарағанда тез өспек.

Қазақстанда қалпына келтіру және құрылымдық өсу байқалады. Өткен жылы экономиканың 6,5%-ға өсуі және 2026 жылы жоспарланған динамика 5,0%-дан кем емес деңгейде өндірістік қуаттың нақты артуымен, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен нығайтылды. Бұл ұзақмерзімдік перспективада экономиканың сапалы өсу әлеуетін қалыптастырады.

Бұл ретте 2025 және 2026 жылдардағы экономиканың негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сала, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика және ішкі сауда болып қала береді.

2025 жылы өңдеу 6,4%-ға өсті. Ол машина жасау өндірісінің 12,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың 17,5%-ға, металл бұйымын өндірудің 13,6%-ға, тамақ өнімін өндірудің 8,1%-ға, химия өнеркәсібінің 9,8%-ға, сусынның 9,7%-ға, резеңке мен пластмасса өндірісінің 7,6%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Ортамерзімдік перспективадағы экономикалық саясатта сауда секторын дамытуға, өңдеу өнеркәсібін қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады.

Тау-кен өндіру секторы, атап айтқанда мұнай-газ секторы экономика өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырылмайды. Өңдеудегі өсу тау-кен секторындағы өсуден едәуір асып түсуі ықтимал. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артуы мүмкін.

Экономиканы әртараптандырудың жалғасуы инвестицияны негізгі капиталға өңдеу өндірісі мен көлік-логистикалық кешеннің пайдасына қайта бөлумен қатар жүреді. Бұл экономиканы сыртқы күйзелістерге, энергия ресурсы бағасының өзгеруіне төзімді етеді.

Инфляцияға келетін болсақ, өткен жылы Үкімет қабылдаған тарифтік саясатты түзету мен ӘМАТ бағасының өсуін тежеу шарасының арқасында 2025 жылғы қазаннан бастап, жылдық инфляцияны бәсеңдетудің нақты тренді байқалды (қыркүйекте 12,9%-дан желтоқсанда 12,3%-ға дейін). 2025 жылғы ең жоғары мәндерден кейін (қыркүйекте 12,9%) инфляция жоспарлы төмендеу кезеңіне өтті. Болжам бойынша, ағымдағы жылы инфляция деңгейі төмендей береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11% таргеттелетін дәлізде қалыптасады.

Биылғы жылғы маңызды дезинфляциялық фактор 2026 жылғы бюджет пен бюджеттік ережелерді, оның ішінде Ұлттық қордың трансфертін, бюджеттік шығыстың өсуі мен борыштың деңгейін қатаң сақтауға негізделген фискалдық саясат параметрі болмақ.

2026 жылғы бюджетте Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделмеген. Кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде қатаң шектелген.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес мұнайға жатпайтын тапшылықты 2025 жылғы 7,3%-дан биыл ЖІӨ-ге 4,9%-ға төмендету жоспарланған.

Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық экономика – өсуді ынталандыру мен макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау арасындағы прагматикалық теңгерімнің мысалы. Ағымдағы динамика «қызып кетуді» емес, үдемелі құрылымдық трансформацияны көрсетеді: еліміз тек тұтынып қана қоймай, негізгі қаржылық көрсеткішті бақылап, бюджеттік тәртіптің белгіленген ережесін сақтай отырып, өз болашағына белсенді инвестиция салуда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану – әділдіктің маңызды кепілі

30.01.2026
КӨКСАЙ: ЕСКІ ҮЙЛЕРДЕГІ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС АУДАРДЫ

КӨКСАЙ: ЕСКІ ҮЙЛЕРДЕГІ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС АУДАРДЫ

29.01.2026
Түркістанда Ислам институты ашылды

Түркістанда Ислам институты ашылды

29.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған