
2025 жылдан бастап Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитеті (ИК МФСА) Сырдария өзені бассейнінде гидромодульдік аудандастыруды түзету жобасын іске асыруда. Жоба аясында Жерді қашықтан зондтау деректері мен спутниктік картографиялау технологиялары қолданылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну нормалары мен суару режимдерін нақтылау көзделген. Жоба Францияның даму агенттігінің (AFD) гранттық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Екі жылға жоспарланған жобаға ҚазҒЗИ су шаруашылығы (ҚазНИИВХ) мен Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы (НИЦ МКВК) тартылған. Зерттеулер Қазақстан мен Өзбекстандағы 1,7 млн гектардан астам суармалы жерді қамтиды, оның ішінде Түркістан және Қызылорда облыстары бар.
2026 жылғы 27 қаңтарда Шымкент қаласында жобаның бірінші жылдық нәтижелері бойынша алғашқы өңірлік семинар өтті. Семинарда гидромодульдік аудандастыруды жаңарту бойынша алдын ала нәтижелер ұсынылып, ғылыми-талдамалық жұмыстар талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, фермерлермен қатар Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты.
Жоба нәтижесінде су ресурстарын тиімді пайдалануға, жердің тұздануы мен деградациясының алдын алуға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірленіп, олар алдағы уақытта салалық мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу үшін ұсынылатын болады. Келесі өңірлік семинарлар Қызылорда мен Ташкент қалаларында өтеді.


