• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ

26.01.2026
in Без рубрики
ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз...

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРУДА: БАҚЫЛАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ТЕХНОЛОГИЯ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРУДА: БАҚЫЛАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ТЕХНОЛОГИЯ

19.01.2026
ШОМЫЛУ РӘСІМІ КЕЗІНДЕ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ШОМЫЛУ РӘСІМІ КЕЗІНДЕ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

19.01.2026
ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

13.01.2026

– Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет. Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай жүргізіліп жатқанына назар аударды.

– Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс, –деді Мемлекет басшысы.

Президент азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты.

– Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы киберқылмыспен күрес мәселесіне тоқталды.

– Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады.

– Көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыру керек. Бұл – өте өзекті мәселе. Баяғыдан бері талқылап жатырмыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Дүние жүзінде кең ауқымды көші-қон жүріп жатыр десек, қате болмайды. Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру – аса маңызды міндет. Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмысты тездетуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлеуметтік желіде ақпарат таратуда заң талаптары ескерілуі қажет екенін айтты.

– Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайтынын атап өтті.

– Ұлттық құрылтай отырысында мен отаншылдық ұғымы туралы пікірімді айттым. Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз, – деді Президент.

Сонымен қатар жиында Бас прокурор Берік Асылов, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сөз сөйледі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ

26.01.2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША   2025 ЖЫЛЫ ДЕПАРТАМЕНТПЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША  2025 ЖЫЛЫ ДЕПАРТАМЕНТПЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

26.01.2026
МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

26.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған