2025 жылдың 12 айында Түркістан облысы бойынша 1274 (2024 жылы 12 айы — 1065) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өскен.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 15,4% — ға артты (1625-тен 1876-ға дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1% — ға өсті (1356-дан 1602-ке дейін), қаза тапқандар саны 1,9% — ға өсті (269-дан 274-ке дейін).
Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Сайрам — 183, Түркістан қаласы — 177, Жетісай — 175, Арыс — 84, Түлкібас — 72, Келес — 68, Шардара — 64, Төлеби — 52, Ордабасы — 52, Отырар — 52, Сарыағаш — 49, Созақ — 47, Сауран — 45, Кентау қаласы — 41, Қазығұрт – 39, Мақтаарал – 38, Бәйдібек — 36.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып қала береді, атап айтқанда: белгіленген жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуі, қашықтықты сақтамау және т.б.
Құрметті облыс тұрғындары, сондай-ақ қонақтар мен туристер жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.
Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https://qamqor.qov.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Түркістан облысы
бойынша департаменті
#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок





