• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ұлттық құрылтай – елді жаңғыртудың нақты тетігі

20.01.2026
in Басты ақпарат
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Маңызды жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, бизнес пен сараптамалық қауымдастық мүшелері, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысуда.

Оқи отырыңыз...

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

20.01.2026

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

20.01.2026

Мемлекет басшысы:  «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс

20.01.2026

Ұлттық құрылтай соңғы жылдары ел дамуына айрықша серпін берген тиімді алаңға айналды. Төрт жыл ішінде Құрылтай мүшелері көтерген бастамалардың негізінде 26 заң қабылданып, мемлекет өмірінің түрлі саласына оң өзгерістер енгізілді. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау күшейтілді, ойынқұмарлық пен нашақорлыққа қарсы жүйелі күрес басталды, ономастика саласы ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтар енгізіліп, еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Мұның бәрі Құрылтайдың ауқымды реформалардың қозғаушы күші екенін айқын дәлелдейді.

Президент атап өткендей, қоғамның санасы жаңғырмайынша, реформалардың нәтижелі болуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік саясатта мәдениет пен өнерге ерекше мән берілуде. Алдағы уақытта елімізде бұрын-соңды болмаған көлемде мәдени нысандар салынып, жаңғыртылады. Алматы облысында қазақ драма театры, Абай мен Ақтөбе облыстарында жаңа театрлар бой көтереді. Шымкент қаласында опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Сонымен қатар екі жыл ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді.

Қызылорда қаласында ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейі – осы бағыттағы жарқын мысал. Заман талабына сай жабдықталған бұл орталық музей ісін ұйымдастырудың тың үлгісін көрсетіп отыр. Сонымен бірге Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылысы басталмақ.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Абай ілімінің ұлттық бірегейлігіміздің өзегі екенін ерекше атап өтті. «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеяларымен үндес. Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу – рухани мұрамызды әлемге танытудың маңызды қадамы.

Сондай-ақ Президент Парламентті жаңғырту мәселесіне кеңінен тоқталды. Болашақ заң шығарушы орган тиімді әрі кәсіби болуы тиіс. Осы орайда депутаттар саны емес, олардың сапасы шешуші мәнге ие екені атап өтілді. Жаңа Парламенттің мандат саны 145 болып белгіленіп, заң қабылдау үдерісі үш кезеңнен тұратын жаңа форматқа көшпек. Бұл заңдардың сапасын арттырып, депутаттардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Конституциялық реформа аясында Ата заңның мәтінін тілдік және мазмұндық тұрғыда жетілдіру, преамбуланы ұлттық құндылықтарға сай қайта жазу мәселесі де көтерілді. «Әділетті Қазақстан» қағидатын Конституцияға енгізу – ел дамуының басты бағдарын айқындайтын маңызды шешім болмақ.

Әділетті Қазақстан құру жолында сот жүйесінің рөлі айрықша. Президент атап өткендей, әділ әрі тәуелсіз сот – азаматтардың мемлекетке деген сенімінің басты негізі. Сондықтан сот жүйесін жетілдіру, судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыру, сот шешімдерінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету – алдағы кезеңнің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Заң үстемдігі орнықпайынша, қоғамда әділет салтанат құрмайды.

Ұлттық құрылтай – халықтың үнін билікке жеткізетін, ел болашағын айқындайтын маңызды институт. Қызылордада өткен бұл жиын қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігін күшейтіп, жаңа реформаларға нақты бағыт берді.

Айгүл МАМЫТ,

журналист.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

Ұлттық құрылтай – елді жаңғыртудың нақты тетігі

20.01.2026
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

20.01.2026

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

20.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған