• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Тіл – ұлттың жаны

19.01.2026
in Құқық-заң
Тіл – ұлттың жаны

Тіл – әрбір ұлттың рухани өзегі, тарихи жадын сақтаушы, мәдениеті мен болмысының айнасы. Ана тілі бар жерде ұлт бар, ал тілі жоғалған халықтың болашағы бұлдыр. Сондықтан мемлекеттік тілді құрметтеу мен дамыту – әрбір азаматтың, соның ішінде құқық саласы қызметкерлерінің де қасиетті міндеті.

Оқи отырыңыз...

Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері

Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері

12.01.2026
«Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді»

«Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді»

07.01.2026

Мемлекеттік қызметші – халық пен билікті жалғайтын алтын көпір

29.12.2025

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде бекітілген. Бұл – тәуелсіздігіміздің басты нышандарының бірі. Мемлекеттік тіл – елді біріктіретін, қоғамды ұйыстыратын, ұлттық сананы қалыптастыратын басты құрал. Құқықтық мемлекет құру жолында мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізуде кеңінен қолданылуы ерекше маңызға ие.

Сот жүйесі – мемлекет пен халық арасындағы сенім көпірі. Ал сол сенімнің берік болуы, ең алдымен, азаматтардың өз ана тілінде ойын еркін жеткізіп, құқығын қорғай алуымен тығыз байланысты. Сот процестерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, әділдіктің салтанат құруына жол ашады.

Бүгінде сот органдарында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Құжат айналымы, сот отырыстары, түсіндіру жұмыстары қазақ тілінде жүргізіліп, азаматтарға тілдік кедергісіз құқықтық көмек көрсетуге жағдай жасалуда. Бұл – заң талаптарын орындаумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісі.

Тілге деген құрмет – заңға деген құрметпен тең. Өйткені заң халыққа түсінікті тілде сөйлегенде ғана өз мақсатына жетеді. Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеп, кәсіби деңгейде қызмет атқару – әрбір сот қызметкерінің абыройлы борышы.

Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – тәрбие, тағылым, бірлік бастауы. Ана тілі арқылы ұрпаққа ұлттық рух, елге деген сүйіспеншілік, әділдік пен жауапкершілік сезімі сіңеді. Осы құндылықтарды сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Тіл – ұлттың жаны, ал мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі. Оны құрметтеу, дамыту және күнделікті қызметте кеңінен қолдану арқылы біз құқықтық мемлекетіміздің негізін нығайта түсеміз. Тілі биік елдің тұғыры да биік болары сөзсіз.

Сиез Сұлтанбек,

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман — сот отырысының хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тіл – ұлттың жаны

Тіл – ұлттың жаны

19.01.2026

В Шымкенте создан отраслевой альянс легкой промышленности

15.01.2026
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп салалық альянсы құрылды

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп салалық альянсы құрылды

15.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған