• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
in Басты ақпарат

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектеп» жобасы аясында қосымша білім беру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Білім ордасында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту мақсатында үйірме жұмыстары басым бағыт ретінде қарастырылған.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025
Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

25.12.2025
Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

25.12.2025

Бүгінде мектепте 14 бағыт бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Оқу-танымдық бағыттағы «Ағылшын тілі» және «Цифрлық сауаттылық» үйірмелері оқушылардың заманауи білім кеңістігіне бейімделуіне, тілдік және ақпараттық құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Бұл үйірмелер балалардың өз бетімен іздену, жаңа технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беруде.

Шығармашылық бағытта ұйымдастырылған «Бейнелеу – өнер атасы», «Шебер қолдар ордасы», «Көркем саз», «Домбыра», «Би» үйірмелері оқушылардың өнерге деген қызығушылығын оятып, эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етуде. Үйірмелерге қатысушы балалар түрлі мектепішілік және аудандық іс-шараларға белсенді атсалысып, өз қабілеттерін шыңдауда.

Сонымен қатар спорттық бағыттағы гандбол, футбол, волейбол (ұлдар мен қыздар арасында) үйірмелері оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, командалық рух пен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Асық ату» және «Бес асық» үйірмелері арқылы жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметі артып, ұлттық сана-сезімі нығаюда. Ал «Дебат» жастар клубы оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамытуда маңызды алаңға айналған.

Үйірме жұмыстарының нәтижелі жүзеге асуына мектептің заманауи материалдық-техникалық базасы тікелей ықпал етуде дейлі мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев

“STEAM сыныптары, жабдықталған зертханалық кабинеттер, музыкалық аспаптармен қамтылған сыныптар, хореография залы, сондай-ақ ағаш өңдеу станоктары бар шеберханалар мен тігін цехы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік беріп отыр. Келешек мектептеріндегі қосымша білім берудің басты маңыздылығы – баланың тек академиялық біліммен шектелмей, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Үйірмелер арқылы оқушылар өз қызығушылығын ерте анықтап, болашақ мамандығына бағыт-бағдар алады, еркін ойлау мен өзіне деген сенімділігі қалыптасады” , — дейді мектеп директоры

Аталған жұмыстардың жүйелі жүргізілуі білікті педагог кадрлар мен тиімді басқару принциптерінің нәтижесі. Үйірме жетекшілері әр баланың қабілетін ескеріп, жеке бағытта жұмыс жүргізсе, мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастыру мен қолдауға ерекше мән берілуде.

Қорыта айтқанда, Шардара ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырылып жатқан үйірме және қосымша білім беру жұмыстары келешек мектеп үлгісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибе – шығармашыл, белсенді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған нақты қадам.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025
В ТУРКЕСТАНЕ ЗАПУЩЕН ХЛОПКОВЫЙ АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТЕКСТИЛЯ ПОЛНОГО ЦИКЛА

В ТУРКЕСТАНЕ ЗАПУЩЕН ХЛОПКОВЫЙ АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТЕКСТИЛЯ ПОЛНОГО ЦИКЛА

25.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған