• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылдық округінде орналасқан «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи мақта өңдеу зауыты пайдалануға берілді.

Оқи отырыңыз...

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

25.12.2025
Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

Түркістанда үздіктерді анықтайтын «qayda премия» салтанатты кеші өтті

25.12.2025

▪️Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өндіріс ұжымын және аудан тұрғындарын жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Аймақ басшысы бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам екенін атап өтті.

– Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы мен оны терең өңдеу – экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі. Бүгін іске қосылып отырған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» – осы бағыттағы ірі әрі маңызды жоба. Бұл кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Серіктестік қытайлық инвесторлар көмегімен 32 мың гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта егіп, жоғары өнімділікке қол жеткізді. Су үнемдейтін бұл технологиялар – климаттық өзгерістер жағдайында аса өзекті. Жоба аясында екі бірдей мақта өңдеу зауыты салынуда. Жалпы құны 21,1 млрд теңгені құрайтын бұл өндірістер жылына 180 мың тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 120 мың тонна шитті мақта жиналып, оның 30 мың тоннасы таза мақта ретінде өңделді. Бұл – аудан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты нәтиже. Біздің негізгі мақсатымыз – Отырар ауданында толыққанды мақта кластерін қалыптастыру, шикізатты терең өңдеп, қосымша құны жоғары өнім шығару. Осындай жобалар өңірдің өндірістік инфрақұрылымын дамытып, Түркістан облысының экономикалық әлеуетін нығайта түсетініне сенімдімін, – деді Нұралхан Көшеров.

«Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Суй Дже облыс әкімдігінің қолдауы мен сеніміне алғысын білдіріп, жұмысты одан әрі жандандыра түсетінін жеткізді.

▪️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту міндетін қойды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында облыста ауқымды шаралар атқарылуда. Аталған жобаға жасанды интеллект жүйесі енгізілген. Басқару орталығында жасанды интеллект арқылы басқару, бақылау, реттеу жұмыстары жүзеге асады. Бір орталық арқылы 32 мың гектар жер бақыланып, суару жүйесі бір пультпен басқарылады.

▪️Айта кетейік, «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізіп, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Серіктестік 2025 жылы Отырар ауданы аумағында 23 мың гектар жерге тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егіп, әр гектардан орта есеппен 50-60 центнерден өнім алды. Жоба аясындағы ең ауқымды бағыттардың бірі – екі бірдей мақта өңдеу зауытының құрылысын жүргізу және олардың өндірістік қуатын қалыптастыру. Зауыттардың жылдық жалпы қуаттылығы 180 мың тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жиналған шикізат көлемі 120 мың тонна шитті мақта болса, оның ішінде алынған таза мақта көлемі 30 мың тоннаны құрады.

Зауыттың іске қосылуымен 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпал етіп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025
В ТУРКЕСТАНЕ ЗАПУЩЕН ХЛОПКОВЫЙ АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТЕКСТИЛЯ ПОЛНОГО ЦИКЛА

В ТУРКЕСТАНЕ ЗАПУЩЕН ХЛОПКОВЫЙ АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТЕКСТИЛЯ ПОЛНОГО ЦИКЛА

25.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған