• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ДӘЙЕКТІ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

23.12.2025
in Без рубрики
ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ДӘЙЕКТІ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен «Ысырапшылдық – қоғамның дәйекті дамуына кедергі» тақырыбында өңірлік форум өтті.
Қоғамдағы үнемшілдік мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және рухани құндылықтарды нығайту жайы талқыланған форумға Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы Аналар кеңесінің төрайымдары, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Пленарлық отырысты Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сүгірбаева жүргізді. Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Әмзеева форумды ашып, бүгінгі басқосудың маңыздылығын атап өтті.
–  Ысырапшылдықты арқау еткен жиында айтылатын мазмұнды ой-пікірлер мен байсалды бастамаларды іліп әкетіп, одан әрі насихаттауға ардақты аналар айрықша атсалысады деген ойдамыз. Қоғам болып жұмылсақ, өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтандырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу жолында ілкімді іс тындыруға болады деп сенеміз.
Аналар кеңестерінің салауатты, саналы қоғам қалыптастыру және адал азамат тәрбиелеу жолындағы жұмыстарына  табыс тілеймін, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Форумда «Энергияны үнемдеу:  тұрақты  болашаққа  апарар жол» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың кафедра меңгерушісі Г.Тұрымбетова, «Ысырыпшылдықтың алдын алу: Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Э.Мырза-Ғали, «Оңтүстік өлкедегі су тапшылығының мәселелері» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың доценті П.Сұлтанбекова, «Ысырапшылдыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Тоққұлова, «Рухани тәрбие және үнемшіл өмір салты» тақырыбында Шымкент қаласы орталық мешіті бас имамының орынбасары, дінтанушы И.Иманқұлұлы, «Жиделі» елді мекені – ішімдіксіз ауыл» тақырыбында  Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі О.Тәжібаева, «Үнемшілдік – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында Шымкент қаласы ҚХА жанындағы ҒСТ жетекшісі, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың департамент директоры Қ.Анарбаев  және т.б. азаматтар сөз сөйлеп, ысырапшылдықтың алдын алу жайында ұсыныстарын айтты.
Белсенді қоғамдық қызметімен дараланған аналарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен республикалық Аналар кеңесінің Алғыс хаты табысталды.
Пленарлық отырыстың қорытындысымен форумға қатысушылар қоғамды үнемшілдікке, жауапты тұтынуға және рухани құндылықтарды сақтауға шақырып, үндеу қабылдады.
Айта кетейік, форум аясында еліміздің оңтүстік өңіріндегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері Шымкент қаласындағы «Ибрахим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінде болып, «Арофат» мектебінде өтетін іс-шараға қатысады. Жас буынға сапалы қосымша білім беру бағытында нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан №2 Оқушылар сарайын аралап, «Shymkent Creative Hub» орталығында шығармашылық жобалармен және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіндегі «Ғылыми зертхана» кешенінің табысты қызметімен танысады.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Шымкент – оңтүстіктің индустриялық драйвері және кәсіпкерлікті дамыту орталығы

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған