• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 16 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

15.12.2025
in Құқық-заң


16 желтоқсан – қазақ халқының тарихындағы ең қастерлі, ең тағдырлы күндердің бірі. Бұл күн – ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың арманы ақиқатқа айналып, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылған күні. Тәуелсіздік күні – елдігіміздің айғағы, бірлігіміздің бастауы, болашаққа деген сеніміміздің нышаны.
1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, халқымыздың өмірінде жаңа дәуір басталды. Осы сәттен бастап еліміз өз даму жолын дербес айқындап, саяси, экономикалық және құқықтық тұрғыдан толыққанды мемлекет құруға кірісті. Егемендік – бізге тек дербес мемлекет болу мүмкіндігін ғана емес, ең алдымен, заң үстемдігі мен әділетті қоғам құруға жол ашты.
Тәуелсіздік жылдары елімізде құқықтық мемлекеттің негізі қаланып, сот жүйесі биліктің дербес тармағы ретінде қалыптасты. Конституцияда бекітілген сот билігінің тәуелсіздігі – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Әділ сотсыз, заң үстемдігінсіз мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Сондықтан сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда айрықша рөл атқарады.
Судьяның басты міндеті – заңды қатаң сақтай отырып, әр істі әділ әрі бейтарап қарау. Бұл – тәуелсіз ел судьясына жүктелген зор жауапкершілік. Әрбір сот шешімі – азамат тағдырымен тікелей байланысты. Сол себепті сот төрелігі тек заңға ғана емес, ар-ождан мен әділет қағидаларына негізделуі тиіс.
Егемендік жылдары сот жүйесінде көптеген оң өзгерістер жүзеге асырылды. Электрондық сот төрелігі енгізіліп, сот процестерінің ашықтығы мен қолжетімділігі артты. Медиация институтының дамуы дауларды сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етуде. Мұның барлығы – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық саясатындағы маңызды жетістіктер.
Тәуелсіздік – тек өткеннің жетістігі емес, ол – болашақ алдындағы жауапкершілік. Оны сақтау үшін қоғамда заңға құрмет, тәртіп пен жауапкершілік үстем болуы қажет. Әрбір азамат өз құқығын біле отырып, өзгенің құқығына құрметпен қарауы тиіс. Құқықтық мәдениет қалыптасқан жерде ғана әділетті қоғам орнығады.
Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, халықаралық аренада абыройлы, тұрақты мемлекет. Бұл жетістік – тәуелсіздіктің, халық бірлігінің және заң үстемдігінің нәтижесі. Елдің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан жастарды отансүйгіштікке, заңды құрметтеуге, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
16 желтоқсан – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен тағзым күні. Тәуелсіздік – ата-бабадан қалған аманат, келер ұрпаққа жеткізілер қасиетті мұра. Әділет салтанат құрған, заң үстемдігі орныққан тәуелсіз еліміздің тұғыры әрдайым биік болсын!
С.АЯПОВ,
Түркістан облысы,
Арыс аудандық сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

11.12.2025
Тәуелсіздік – тұғырым

Тәуелсіздік – тұғырым

09.12.2025
ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ

ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ

09.12.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

15.12.2025
ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУДА: ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 12%-ҒА ҰЛҒАЙДЫ

ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУДА: ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 12%-ҒА ҰЛҒАЙДЫ

15.12.2025
ҮКІМЕТ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ: 160-ҚА ЖУЫҚ ЖЭК СТАНСАСЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРУДІҢ 7%-ДАН АСТАМЫН ҚҰРАДЫ

ҮКІМЕТ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ: 160-ҚА ЖУЫҚ ЖЭК СТАНСАСЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРУДІҢ 7%-ДАН АСТАМЫН ҚҰРАДЫ

15.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған