• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 11 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

11.12.2025
in Құқық-заң
Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

Тәуелсіздік — халқымыздың ежелден жалғасқан асыл мұраты, сан ғасырлық күресінің арқасында келген тарихи жеңісі. Бұл — ұлттың рухын көтерген, бейбіт өмірге бастау болған, елдің даму жолын айқындаған қасиетті ұғым. Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күні — жай мереке емес, елдіктің, бірліктің, мемлекеттіліктің символы.

Оқи отырыңыз...

Тәуелсіздік – тұғырым

Тәуелсіздік – тұғырым

09.12.2025
ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ

ТАТУЛАСУ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ

09.12.2025
ӘСКЕРИ СОТТЫҢ ӨЗГЕ СОТТАРДАН ЕРЕКШЕЛІГІ

ӘСКЕРИ СОТТЫҢ ӨЗГЕ СОТТАРДАН ЕРЕКШЕЛІГІ

26.11.2025

Еліміз 1991 жылы егемендігін жариялап, жаңа тарихи кезеңге қадам басқан сәттен бастап, мемлекет құрылымын қайта құру, құқықтық жүйені қалыптастыру, азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғау бағытында ауқымды реформалар жүргізді. Осы тұрғыда сот билігінің орны ерекше. Өйткені құқық үстемдігі мен әділ сот — кез келген дамыған мемлекеттің тірегі, қоғамның тұрақтылығы.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның сот жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, әлемдік стандарттар деңгейіне жақындай түсті. Конституцияда бекітілген сот билігінің тәуелсіздігі — бұл еліміздің демократиялық бағытының нақты көрінісі. Қоғамдық қатынастар алуан түрлі болған сайын, сот органдарының міндеті де күрделене түседі. Сол себепті тәуелсіздік бізге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, сот жүйесінің реформалануына жол ашты.

Сот реформасының негізгі бағыты — әділ, ашық, жедел әрі қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатта электрондық сот жүйесі енгізіліп, медиация институты дамытылып, сот актілерінің жариялылығы қамтамасыз етілді. Мұндай өзгерістер қоғамның сотқа деген сенімін арттырып, заң үстемдігін нығайтуға ықпал етті.

Тәуелсіз елдің судьясы болу — үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік. Судья — мемлекет билігінің өкілі, Конституцияның сақталуының кепілі. Біздің міндетіміз — қандай жағдайда да заңнан аттамай, әрбір азаматқа әділ төрелік айту. Әділдік — қоғамды біріктіретін, мемлекеттің тұрақтылығын сақтайтын басты құндылық.

Сондықтан тәуелсіз Қазақстан судьялары өз қызметіне адалдық пен ар-ождан тазалығын басты өлшем етіп келеді.

Тәуелсіздік бізден тек кәсіби шеберлікті ғана емес, парасаттылықты, жауапкершілікті, жоғары құқықтық мәдениетті талап етеді. Заң алдындағы теңдік — тәуелсіз мемлекеттің ең басты қағидаларының бірі. Бұл қағиданы сақтау үшін судья әрбір істің артында адамның тағдыры тұрғанын терең сезінуі тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзін сенімді, бейбітсүйгіш, тұрақты мемлекет ретінде танытып келеді. Экономикалық өсім, әлеуметтік реформалар, халықаралық ынтымақтастық — мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы.

Дегенмен, тәуелсіздікті сақтау — одан да қиын міндет. Ол үшін қоғамның әрбір мүшесі ел бірлігі мен тұрақтылығын қадірлеп, мемлекет заңдарына құрметпен қарауы қажет. Өйткені құқықтық тәртіп сақталған жерде ғана әділетті қоғам қалыптасады.

Ал әділетті қоғам — мықты мемлекеттің негізі.

Әрбір қазақ азаматы үшін тәуелсіздік — асыл қазына. Бұл ұғым біздің тілімізге, дінімізге, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге қайта оралуымызға жол ашты. Ұлттың рухы биік болмай, мемлекеттің өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан Тәуелсіздік — тек саяси құжат қана емес, халықтың жан дүниесін жаңғыртқан рухани серпіліс.

Тәуелсіздік — біздің ең қымбат байлығымыз. Оны сақтау — әр азаматтың парызы, ал дамыту — біздің ортақ мақсатымыз. Сот жүйесінің өкілі ретінде мен тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген барлық жетістіктердің негізгі өзегі — заң үстемдігі екенін ерекше атап өткім келеді.

Әділдік салтанат құрған ел ешқашан әлсіремейді.

Заң талабына адал қызмет еткен судья — тәуелсіздіктің қорғаны.

Біз осы жолдан таймай, мемлекетіміздің тұғырын биік ұстай беруге тиіспіз. Тәуелсіздік біздің болашағымызды айқындайтын қасиетті құндылық, ұрпаққа аманат етілетін мәңгілік мұра.

Қ.АНАРБАЕВ,

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

Тәуелсіздік – тұғырым, елдігім – ғұмырым

11.12.2025
ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

11.12.2025

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер

10.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған