Smart.mobility.shymkent ұжымы Б. Момышұлы атындағы №120 жалпы білім беретін мектебіне Тоғыс шағын ауданы өкілдерінің ұсынысы негізінде арнайы барып, оқушыларға қоғамдық көлікке арналған виртуалды тариф пен оқушы картасын рәсімдеуге жан-жақты қолдау көрсетті.
Жоба аясында:
мектептегі әр оқушының жеке виртуалды картасы ресімделді;
қолма-қол ақшасыз, қауіпсіз төлем жүйесіне көшу қамтамасыз етілді;
ата-аналардың балаларының жолақысын онлайн бақылауына мүмкіндік жасалды.
Бұл жұмыстың табысты жүзеге асуына бастамашыл болған Тоғыс шағын ауданының өкілдеріне, оқушы қауіпсіздігін басты назарға қойған мектеп әкімшілігіне және белсенді мұғалімдерге алғыс білдіріледі.
Сонымен қатар, смартфоны бар оқушылардың ата-аналары jenil.avtobys.kz платформасы арқылы виртуалды тарифті онлайн түрде тегін енгізе алады.
Балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы орта құру жолындағы әрбір қадам – болашаққа бағытталған сенімді инвестиция.
Ұжым қала мектептерінен түсетін кез келген ұсынысты қарастырып, қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлайды.



