Бүгін аудан прокурорының бастамасымен Болашақ прокурорлар клубы құрылды.
Клубтың құрылу іс — шарасы Шорнақ ауылындағы «А.Байтұрсынұлы» атындағы мектепте ұйымдастырылды.
Шараға аудан прокуроры Алмаз Әбдінұрұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Әшірбекұлы, білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқушылар қатысты.
Шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп жатқандығын және тәртіпке бағыну қажеттігі жөнінде сөз сөйлеп, оқушыларды жақсы оқуға, білімді болуға, заң мен тәртіп қағидаты аясында атқарылып жатқан шараларға белсенді қатысу қажеттілігі туралы жеткіздім.





