



2025 жылы Қазақстанда сапа, адалдық және әлеуметтік жауапкершілік стандарттарын насихаттайтын бірқатар ұлттық байқаулар өз мәресіне жетті. «Алтын сапа» Президенттің сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Адал Азамат» сыйлығы және «Парыз» байқауы кәсіпорындар арасында бәсекеге қабілеттілікті, инновацияны және қоғам алдында жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды ұлттық жобалар болып саналады.
Биыл Түркістан облысының кәсіпорындары аталған конкурстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Алтын сапа» Президенттің сыйлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, «Алтын сапа» сыйлығы төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын
2. Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын
3. Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын
4. Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын
Әр номинацияда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында үш жүлде тағайындалады. Сонымен қатар қосымша арнайы сыйлықтар белгіленген:
• «Үздік индустриалды жоба»
• «Үздік инновациялық жоба»
Жеңімпаздарға 450 АЕК (шамамен 1,7 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
2025 жылы Түркістан облысынан 12 өтінім қабылданып, оның 10-ы толық құжаттар пакетімен ұсынылды.
«Іскер» сыйлығының жеңімпазы — ҚО «Ақниет Holding», мектеп және корпус жиһаздарын өндіру кәсіпорны.
Алдыңғы жылдарда өңірден «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (2013), «Ордабасы құс» ЖШС (2016), ЖК Кудайбергенов Ф.Т. (2019), «GrandMiks» ЖШС (2020), «Бөрте Милка» ЖШС, «Aykan» ЖШС және ЖК «Asia Brand» (2023) жеңімпаз атанған болатын. 2024 жылы конкурс өткізілмеді.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы
Байқау үш номинация бойынша ұйымдастырылады:
1. Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар
2. Халыққа арналған үздік тауарлар
3. Үздік азық-түлік тауарлары
Жыл сайын 9 жеңімпаз дипломант атанады. 2025 жылы еліміздің 180 қатысушысы арасынан Түркістан облысының бір кәсіпорны жеңіске жетті.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясының жеңімпазы — ЖК «Sem Brand», металлокаркасқа негізделген үстелдер мен орындықтар өндірушісі.
«Адал Азамат» сыйлығы
2024 жылы құрылған бұл сыйлық адалдық, ашықтық, экологиялық жауапкершілік және қоғам алдындағы міндеттерді адал орындау қағидаларын ұстанатын кәсіпкерлерді марапаттайды.
2025 жылғы Түркістан облысының лауреаттары:
1. ЖШС «Төлеген санаториясы» (Мақтаарал ауданы) — қолжетімді профилактикалық медицина және сауықтыру қызметтерін көрсететін әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын.
2. ЖШС «Идеал Туркестан» (Түркістан қ.) — пластиктен жасалған жиһаз өндірумен айналысатын, экологиялық технологияларды енгізіп жүрген кәсіпорын.
«Парыз» — корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік байқауы
«Парыз» байқауы елімізде әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған.
2025 жылы Түркістан облысының атынан:
ЖШС «Сарыағаш құс» — «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша 2-орын жеңіп алды.
2025 жылғы Түркістан облысының лауреаттары
1. «Қазақстанның үздік тауары» — ЖК «Sem Brand», Түркістан қ.
2. «Іскер» сыйлығы — ҚО «Ақниет Holding», Түркістан қ.
3. «Адал Азамат» сыйлығы — ЖШС «Төлеген санаториясы», Жетісай ауданы
4. «Адал Азамат» марапаты — ЖШС «Идеал Туркестан», Түркістан қ.
5. «Парыз» сыйлығы — ЖШС «Сарыағаш құс», Сарыағаш ауданы
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев биылғы көрсеткіштер өңір кәсіпкерлерінің даму қарқыны мен жауапкершілік деңгейін дәлелдейтінін атап өтті:
«Бұл жеңістер — біздің кәсіпкерлердің тұрақты еңбегі мен сапаға деген адалдығының нәтижесі. Түркістан облысының бизнесі жыл сайын өсіп, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келеді. Ұлттық деңгейде мойындалу — кәсіпорындардың сапаны, инновацияны және әлеуметтік жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстанатынын көрсетеді. Біз өңір кәсіпкерлерін қолдауды жалғастырып, осындай табыстардың көбейе беруіне ықпал етеміз», — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлыққа сәйкес:
• Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі;
• Әр номинацияда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында 3 жүлдеден беріледі;
• «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары көзделген;
• Конкурс жыл сайын 4 кезең арқылы жүзеге асырылады: өтінім қабылдау, алдын ала бағалау, кәсіпорындарға бару, финалистерді анықтау;
• Жеңімпаздарға диплом, эмблема және ақшалай сыйақы табысталады.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы туралы. Байқау үш номинация бойынша ұйымдастырылады:
1. Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар
2. Халыққа арналған үздік тауарлар
3. Үздік азық-түлік тауарлары
Әр номинацияда 3 жеңімпаз анықталады. Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын анықтау рәсімімен қатар жүзеге асырылады.






