Тұрғындардың сұранысы мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес А-2 автомобиль жолынан Нұршуақ шағынауданына тікелей қосатын жаңа жолдың құрылысы толық аяқталды.
Бұл маңызды инфрақұрылымдық жоба көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетіп, шағынауданға қатынауды бұрынғыдан да ыңғайлы етті. Енді тұрғындар негізгі жолға тез әрі қауіпсіз шыға алады.
Қазіргі таңда жаңа жол көпшілік үшін толық ашық және пайдалану режимінде.
Қаламыздың көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады.
Мақсат — тұрғындар үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру.





