• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Асар-2 шағын ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды

01.11.2025
in Без рубрики
Асар-2 шағын ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды

 Шымкент қаласы Абай ауданында тұрғындармен кері байланыс орнату және өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. Соның аясында Асар-2 шағын ауданында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Садырхановтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – халықтың пікірін тыңдап, ұсыныс-пікірлерді нақты істер арқылы шешу жолдарын қарастыру болды.

Жиын барысында тұрғындар жолдардың сапасы мен жарықтандыру жүйесінің жеткіліксіздігі, қоғамдық көлік қатынасы, аула аумақтарын күтіп ұстау және көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық жағдайы жөнінде өз ойларын білдірді. Әсіресе кей көшелердің асфальтталмағаны, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың болмауы және қалдықтардың уақтылы шығарылмауы жиі көтерілді.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

Жандос Садырханов тұрғындардың ұсыныстары мен өтіністерін мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол өз сөзінде халықтың көтерген әрбір мәселесі аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынатынын және олардың орындалуы тікелей қадағаланатынын атап өтті.

— Біздің басты мақсатымыз – аудан тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру. Ол үшін тұрғындардың пікірін тыңдау, ұсыныстарын ескеру және нақты нәтижеге жету маңызды. Әкімдік әрқашан ашық диалогқа дайын және кез келген мәселені бірлесе шешуге мүдделі, — деді Жандос Садырханов.

Кездесуде сондай-ақ аула тазалығы мен көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару, жарықтандыру желілерін күтіп ұстау, қоғамдық тәртіп пен экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері де талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтатынын жеткізді.

Абай ауданы әкімдігі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қоршаған ортаны қорғау, көріктендіру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мұндай кездесулер халықтың сенімін арттырумен қатар, көтерілген мәселелердің нақты шешімін табуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта аудан әкімдігі тұрғындармен осындай ашық форматтағы кездесулерді жалғастырып, жол, көгалдандыру, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отыр. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін жайлы, таза және заманауи өмір сүру кеңістігін қалыптастыру.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған