• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 3 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

02.11.2025
in Құқық-заң
ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

Тіл – ұлттың жаны, елдің ең ұлы қазынасы. Тілсіз ұлт болмайды, тілінен айырылған халық өзінің тамырынан ажырап, болашағынан айырылады. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оны өмірдің барлық саласында кеңінен қолдану – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Оқи отырыңыз...

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ – ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

01.11.2025
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

01.11.2025
В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»

01.11.2025

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп айқын жазылған. Бұл – тәуелсіз еліміздің ең басты белгісі, егемендігіміздің айғағы. Мемлекеттік тілдің дамуы – мемлекетіміздің дамуы, елдігіміздің өркендеуінің көрінісі.

Қазақ тілі – ата-бабамыздың аманаты, сан ғасырлық тарихымыздың куәсі. Ол ұлттың рухын сақтап, мәдениетін, салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Сол себепті тілге деген құрмет – ұлтқа деген құрмет, тілге деген сүйіспеншілік – елге деген сүйіспеншілік.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Азаматтар өз істерінің мемлекеттік тілде қаралуын, өз құқықтары мен міндеттерін ана тілінде түсінуді қалайды. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ету – заңдылық пен халық сенімін нығайтудың негізгі шарты.

Судья үшін мемлекеттік тілді жетік меңгеру – кәсібиліктің және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сот шешімдері мен үкімдерінің анық, түсінікті тілмен жазылуы – қоғамдағы әділдікке деген сенімді арттырады. Тілдің тазалығы мен мәдениеті – сот беделінің де көрсеткіші.

Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол елді біріктіретін рухани күш. Мемлекет басшысы да үнемі атап өткендей, қазақ тілі – ұлттың ұйытқысы. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл – болашақ ұрпақтың ана тілінде ойлап, өз елінің азаматы болып қалыптасуы үшін жасалып жатқан маңызды қадам.

Тілге құрмет отбасынан басталады. Әрбір ата-ана баласын ана тілінде сөйлетуге, оның байлығын сезінуге үйретсе – ол ұлттың болашағына қосылған үлес. Тіл арқылы ұрпақтың бойына отаншылдық сезім мен рухани құндылықтар дарытылады.

Мемлекеттік тілді дәріптеу – елге деген сүйіспеншілікті білдірудің ең биік түрі.
Әрбір азамат өз ісінде, өз ортасында қазақ тілінің қолданылуына үлес қосуы тиіс. Себебі, тіл – ұлтты біріктіретін, елді рухани кемелдікке бастайтын күш.

Тіл бар жерде – рух бар, рух бар жерде – ел бар.
Сондықтан мемлекеттік тілді сақтау мен дамыту – біздің азаматтық борышымыз, ел алдындағы абыройлы міндетіміз.
М.ШЕРТАЕВА,
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

ТІЛ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

02.11.2025
Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

01.11.2025
Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

01.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған