• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

24.10.2025
in Без рубрики
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

25 қазан – Республика күні қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Бұл – тұрғындар үшін зор қуаныш пен ел тәуелсіздігінің мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келген ерекше оқиға болды.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

Сәуір айында басталған жоба мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларының аясында іске асырылды. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 222,962 миллион теңгені құрайды. Жобаны тәжірибелі мердігер – «Карат-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған.

Жаңа су жүйесі пайдалануға берілген ауылдарда ұзақ жылдар бойы ауыз су мәселесі шешілмей келген еді. Тұрғындар жаздың аптап ыстығында да, қыстың суығында да тіршілік нәрін тасып ішіп келген. Енді бұл мәселе түбегейлі шешімін тауып отыр. Жоба нәтижесінде үш ауылдағы мыңнан астам отбасы таза, сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қауымы қатысты. Шара барысында аудан басшысы елді мекендерді дамыту – өңірдің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығының негізгі кепілі екенін атап өтті.

– Бүгінгі қуаныш – тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істердің нәтижесі. Ел Президенті айқындаған «Әділетті Қазақстан» қағидаты бүгінде іс жүзінде жүзеге асып келеді. Мемлекетке қайтарылған активтер халықтың игілігіне жұмсалып, осындай әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл – заң үстемдігі мен әділдіктің өмірдегі шынайы көрінісі, – деді аудан әкімі Азат Оралбаев.

Ауыл ақсақалдары өз кезегінде мемлекет қамқорлығына ризашылықтарын білдіріп, елді игілікке бастаған азаматтарға батасын берді. Тұрғындар үшін бұл тек су жүйесінің іске қосылуы ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің нығаюы, ел болашағына деген үміттің жаңғыруы деп бағаланды.

Айта кетейік, бұл ауыз су құрылысы – мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған Ордабасы ауданындағы екі әлеуметтік жобаның бірі. Мұндай жобалар – заңдылық пен әділдіктің нақты нәтижесі. Қайтарылған қаражаттың халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталуы ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды.

Жобаны іске асыру барысында барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған. Су көздері зерттеліп, заманауи сүзгілеу және тарату жүйелері орнатылған. Қазіргі таңда ауыл әкімдіктері мен коммуналдық қызметтер су жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы шараларды қолға алған.

Бұл бастама – Түркістан облысының ауылдық аймақтарын инфрақұрылымдық жаңғыртудың нақты көрінісі. Өңірде соңғы жылдары ауыз су, электр, жол және газбен қамту бағытында жүздеген жоба жүзеге асып келеді. Мемлекет тарапынан «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Таза су» бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығының түпкі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.

Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарындағы жаңа су жүйесінің іске қосылуы – өңір дамуының жарқын мысалы. Бұл жобалар халыққа қолайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, ауыл шаруашылығын дамытуға, жас отбасыларды елді мекендерде тұрақтандыруға және жергілікті экономиканың жандануына жол ашады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған