• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 2 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДАМУДЫҢ КӨШБАСЫНДА

31.10.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДАМУДЫҢ КӨШБАСЫНДА

Түркістан облысы соңғы жылдары инвестициялық тартымдылығы жоғары, экономикалық серпіні мықты аймақтардың біріне айналып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңір негізгі капиталға инвестиция тарту көрсеткіші бойынша елімізде алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Кеңес барысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттердің бірі – экономикаға жаңа инвестициялар тарту және өндіріс әлеуетін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Оқи отырыңыз...

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

31.10.2025
«TURAN» АЭА АУМАҒЫНДА 7 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ ҚАЛАНДЫ

«TURAN» АЭА АУМАҒЫНДА 7 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ ҚАЛАНДЫ

29.10.2025
ЖЕТІСАЙДА БІР АПТАДА ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ЖЕТІСАЙДА БІР АПТАДА ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

28.10.2025

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, биылғы 9 айдың қорытындысымен республика бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,8 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызға артқан. Инвестиция өсімінің негізгі драйверлері энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік секторы болып отыр. Қаражаттың басым бөлігі жылжымайтын мүлік, көлік және тау-кен өнеркәсібіне бағытталған. Ал өңірлер арасында Астана қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аударылып келеді. Бұл мақсатта облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне нақты индикаторлар бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда.

Осы жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2025 жылдың 9 айында облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 12,2 миллиард теңгені құрады. Бұл жоспарланған 828 миллиард теңгеден 184 миллиард теңгеге артық. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өсім 115,9 пайызды құрап отыр.

Тікелей шетелдік инвестициялар да елеулі нәтижеге жетті. 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша Түркістан облысына 543,5 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылып, жылдық жоспар артығымен орындалған. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының халықаралық инвесторлар үшін де тартымды бола бастағанының айғағы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның шикізат экспорттаушы елден өнімді терең өңдеуші мемлекетке айналуы қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Осы бағытта Түркістан облысында бірқатар ірі индустриалды жобалар қолға алынып, іске асырылып жатыр.

Мысалы, Созақ ауданында «Созақ Фосфат» ЖШС жылына 1,6 миллион тонна фосфорит кенін өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізуде. Бұл жоба іске қосылғанда аймақтың химия өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеріп, жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Түлкібас ауданында «Састөбе Инновациялық кешені» ЖШС қуаттылығы жылына 1,8 миллион тонна болатын каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығаратын кешен салуда. Бұл – тек өңір ғана емес, ел экономикасы үшін де стратегиялық маңызы бар жоба.

Созақ ауданында тағы бір ірі өндіріс – «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС жылына 100 мың тонна күкірт қышқылы өндірісін жолға қоюда. Сонымен бірге Түркістан қаласында «Kazakhstan Lihua» ЖШС-ның мақта кластері мен Шардара ауданындағы «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдейтін зауыты да өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалар қатарына енеді.

Осы және өзге де жобалардың іске асуы Түркістан облысын өндірістік-индустриалды аймақ ретінде қалыптастыруға айтарлықтай серпін беріп отыр.

Түркістан облысында инвестициялық тұрақтылық пен жаңа жобаларды қолдау мақсатында 2025–2028 жылдарға арналған арнайы инвестициялық пул жасақталған. Жалпы құны 2,6 триллион теңгені құрайтын бұл тізімге 111 жоба енгізілген. Оларды жүзеге асыру барысында 23 915 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4 793 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал тартылған жеке инвестиция көлемі 161 миллиард теңгеге жетті.

Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ахуалдың жақсарып келе жатқанын да айғақтайды.

Өңірде арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтар жүйелі дамып келеді. Бұл аумақтар инвесторларға инфрақұрылымы дайын жер телімдерін, салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсынады. Нәтижесінде шетелдік және отандық инвесторлар Түркістан облысында өз жобаларын орналастыруға мүдделі болуда.

Инвестициялық процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Онда әрбір жобаның орындалу барысы жеке-жеке қаралып, туындаған мәселелер жедел шешімін табуда.

Түркістан облысында инвестиция тарту тек экономикалық өсіммен шектелмейді. Бұл бағыттағы бастамалар өңір халқының өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіруге тікелей ықпал етуде.

Жаңа өндірістер мен кәсіпорындардың іске қосылуы жаңа мектептер мен балабақшалардың, медициналық нысандар мен инженерлік желілердің салынуына мүмкіндік береді. Осылайша инвестиция – өңірдің кешенді дамуының басты құралына айналып отыр.

Түркістан облысы бүгінде инвестиция тарту мен өңірлік дамудың нақты үлгісін көрсетіп отыр. Индустриалды аймақтардың дамуы, ірі өндіріс орындарының салынуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік инфрақұрылымның жаңаруы – барлығы да облыстың тұрақты әрі сапалы дамуының белгісі.
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында Түркістан облысы алдағы жылдары да ел экономикасының маңызды тірегіне айналатыны сөзсіз.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

01.11.2025
Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

01.11.2025
Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

01.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған