• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 1 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

01.11.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан төрінде «Южный Казахстан: 100 жыл оқырманмен бірге» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Өңірлік басылымның ғасырлық тарихын айқындайтын маңызды шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, ҚР Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, жергілікті атқарушы орган өкілдері, өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері, журналистика ардагерлері қатысты.

Оқи отырыңыз...

В Палате предпринимателей прошел тренинг для женщин

31.10.2025
Кәсіпкерлер палатасында әйелдерге арналған тренинг өтті

Кәсіпкерлер палатасында әйелдерге арналған тренинг өтті

31.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

31.10.2025

Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров газеттің мерейтойымен құттықтап, редакция ұжымына қызметтік автокөлік кілтін табыстады.

– Баршаңызды облыста өзіндік орны бар «Южный Казахстан» газетінің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Газет – қоғамның үні, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор деп ойлаймын. Бұл басылым әрдайым уақыт рухын бейнелеп келеді. Оның беттерінде – өңірдің тарихы, адамдардың тағдыры мен мәдени жетістіктері көрініс тапқан. Түркістан облысында журналистиканың бай дәстүрі қалыптасқан. Оңтүстік өлке әрқашан өз белсенділігімен, энергиясымен және жасампаз рухымен ерекшеленеді. Бұл жерде өмір қайнап жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда, жаңа идеялар мен жобалар дүниеге келуде. Редакция ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық қуат тілеймін! – деген облыс әкімі редакция ұжымына қызметтік автокөлік кілтін табыс етті.

Жиын барысында ресми тұлғалардың, серіктестер мен баспасөз өкілдері сөз сөйлеп, қазіргі журналистиканың өзекті мәселелері, өңірлік БАҚ-тың рөлі және цифрлық дәуірдегі газет жанрының маңызы туралы ойлар айтылды. Сондай-ақ журналистика ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Музыкалық нөмір орындалып, «Редакция өмірінің бір күні» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Салтанатты кеште «Ветер перемен» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Бұл кітапта редакцияның мерейтойлық жылдағы өмірі, журналистердің тағдыры мен газеттің ғасырлар тоғысындағы жолы баяндалған. Газеттің бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко кітапты арнайы таныстырып, оқырманмен пікір алмасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда

01.11.2025
Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда

01.11.2025
Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

01.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған