


2025 жылы елімізде алғаш рет ресми түрде 29 қазан – Кәсіпкерлер күні болып бекітілді. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін ұлықтау мақсатында белгіленген.
Осыған орай Түркістанда облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Кездесу барысында облыс әкімі кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті.
«Бүгін біз алғаш рет ресми түрде Кәсіпкерлер күнін атап өтудеміз. Бұл мереке – ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып отырған кәсіпкерлерге деген құрметтің белгісі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өңір экономикасы тұрақты өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың әл-ауқаты артып келеді. Мемлекет әрқашан кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға дайын», – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде.




Кездесу барысында өңір басшысы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпаздарын және кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартуда үздік нәтиже көрсеткен компанияларды марапаттады.
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпаздары:
• «Кентау трансформатор зауыты» АҚ
• «BNK GROUP» ЖШС
• «Қайып Ата» ЖШС
• «Көрік шаруа қожалығы» ЖШС
• «Закиров» жеке кәсіпкерлігі
• «Sem Brand» жеке кәсіпкерлігі
• «Арай» өндірістік кооперативі
• «Ақниет Holding» мүгедектер қоғамы» ҚБ
Сонымен қатар өңір экономикасына инвестиция тартуда және жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытқан кәсіпкерлер де облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды:
• «Jasyl Suyq Qazaqstan» ЖШС директоры Светличный Юрий
• «Beibars Bottlers» ЖШС директоры Максим Нигай
• «Хабибулла ата» ЖШС директоры Икбол Әбішев
• «Казкрахмал» ЖШС директоры Рұслан Қияшпаев
• «PRO Textile» ЖШС директоры Қожабек Егембердиев
• «Central Asia Aluminum Company» ЖШС директоры Сян Гуанжуй
• «Kuzov Karabulak» ЖШС директоры Иристай Ирискулов
• «Агросүт» ЖШС директоры Исмаил Әуезов
Кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, үздіктерді марапаттау рәсімін Түркістан облысы мәслихатының төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов жалғастырды.
«Кәсіпкерлер күні – тек мереке емес, ел экономикасының тірегі саналатын шағын және орта бизнестің еңбегін мойындау күні. Біздің өңірдің бизнес қауымдастығы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ел игілігі үшін еңбек етіп келеді. Барша кәсіпкерлерге табыс пен өркендеу тілеймін», – деді өз сөзінде.
Шара аясында өңірдің кәсіпкерлік саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. Олардың қатарында өңірдің білім беру, өндіріс және қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер мен белсенділер бар.
Атап айтқанда, Низамхан Сүлайманов («Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС басшысы), Нағима Қырықбаева (жеке кәсіпкер), Гүлия Тукенова («Эластополимет» ЖШС директоры), Әсетіллә Аппаз (жеке кәсіпкер), Салтанат Тулегенова (Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша салааралық кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер), Нұрлан Рысбеков («Kentau Red Star (Кентау Ред Стар)» ЖШС-нің директорларының басқарма төрағасы), Ақерке Ибраева («Талғат клиникасы» ЖШС-нің директоры) кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен, Алмагүл Айқан («AYKAN» ЖШС директоры) «Адал еңбегі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, Берік Кенжебаев «Атамекен» ҰКП Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірқатар қызметкерлері де өздерінің адал еңбегі мен кәсіби шеберліктері үшін арнайы марапаттарға ие болды.
Роза Салиева, Палатаның бас бухгалтері, экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Адал еңбегі үшін» III дәрежелі медалімен марапатталды.
Нұрболат Пернеханов, Палатаның Арыс қаласы филиалының директоры, өңірлік кәсіпкерлікті дамытудағы белсенді еңбегі мен ұйымшылдығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, Палатаның баспасөз қызметкері Гүлназ Есетова кәсіпкерлік саласын ақпараттық тұрғыда қолдау және бизнестің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Кездесу соңында облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе атқарып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі бизнес ахуалының жақсарып келе жатқаны атап өтілді.
Кәсіпкерлер арасында ашық диалог орнату, инвестициялық тартымдылықты арттыру және кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жалғасатыны айтылды.
Іс-шара барысында өңірдің үздік кәсіпкерлері – «BNK GROUP» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ниязалі Бейсенбаев, және «Қуаныш әлемі» ЖШС-ның директоры Салтанат Тулегенова облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлер қауымын мерекемен құттықтап, бизнес өкілдерінің еңбегіне жоғары баға берді.
«Биыл алғаш рет елімізде ресми түрде Кәсіпкерлер күні аталып өтуде. Бұл – мемлекеттің кәсіпкерлікке деген қолдауы мен құрметінің айқын көрінісі. Түркістан облысында 210 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып отыр. Біз кәсіпкерлердің сенімді серіктесі болуды жалғастырып, бизнес өкілдері үшін қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бағытында тұрақты түрде жұмыс істейміз. Түркістан – іскер азаматтардың аймағы, ал біздің басты мақсат – сол азаматтардың табысты болуына жағдай жасау», – деді Асылан Ибадуллаев.






