Бүгін, экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаны қорғауға арналған маңызды күн – Бүкіләлемдік тазалық күніне орай, Шымкент қаласы бойынша кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі бастама – экологиялық мәдениетті нығайту, табиғатты қорғауға деген қоғамдық көзқарасты өзгерту және қала аумағын көркейту бағытында жүзеге асырылған маңызды шаралардың бірі.
Абай ауданы аумағында өткен сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелер, жоғары оқу орындары және кәсіпкерлік құрылымдар кең көлемде атсалысты. Қатысушылардың белсенділігі мен бірлігі қоршаған ортаға деген қамқорлықтың айқын көрінісіне айналды.
Шараға келесі мекемелер мен ұйымдар белсенді түрде қатысты:
Абай ауданы әкімі аппараты (оның ішінде аппарат қызметкерлері және «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері);
KazStroiCapital ЖШС-нің ұжымы;
@shymkent_aleumettik_korgau — әлеуметтік қорғау басқармасы;
@shymkent_madeniet — мәдениет басқармасы;
Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы;
@transport.shym — көлік басқармасы;
@auyl_sharuashylygy.shymkent — ауыл шаруашылығы басқармасы;
Сондай-ақ, қаладағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері.
Сенбілік барысында аудандағы көше бойлары, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды, жасыл аймақтар абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан сенбілікке белсенділік таныту арқылы табиғатқа деген жанашыр көзқарас пен азаматтық жауапкершілік көрініс тапты.
Бүгінгі іс-шара тек тазалық сақтау ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық сананы қалыптастыруға, әсіресе жастардың бойында табиғатқа деген құрмет пен қамқорлық сезімін оятуға бағытталды. Қатысушылар бір күндік сенбіліктің әсері ұзақ мерзімді нәтижеге әкелетініне сенімді.
«Табиғатқа жанашырлық – ортақ жауапкершілік» деген ұранмен өткен бұл сенбілік – қала экологиясын жақсарту жолындағы нақты қадам. Жасалған әрбір игі іс, отырғызылған әрбір ағаш, жиналған әрбір қоқыс – болашақ ұрпаққа қалдырылған аманат. Мұндай шаралар экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Абай ауданы әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындарды осындай экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретін болады. Себебі таза қала – тек әкімдіктің емес, әрбір тұрғынның қолындағы іс.




