• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 10 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

10.10.2025
in Қоғам
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Қыркүйек айында Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту.
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына шығаруды көздейді.
Бір ай көлемінде 3 аймақтан 189 221 адам қатысуға өтінім берді.
Қарағанды облысы бойынша 67 438 қатысушы тіркелсе, Қостанай облысы бойынша 55 281 азамат өтінім берген. Ал Шымкент қаласынан 66 502 өтінім келіп түсті.
Оның ішінде 6-10 сынып аралығындағы 87 157 оқушы, 14 049 педагог, 2388 жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметші, сонымен қатар 36 553 отбасы, 29 085 колледж және жоғарғы оқу орны студенті қатысуда.
Байқау қатысушылары «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» негізгі алты санат бойынша сайысқа түспек.
Жобаның екінші кезеңінде тіркелген әр қатысушы, бекітілген тізімдегі 15 кітапты оқуы кажет. Әр бағыт үшін сарапшылар мен тиісті саланың өкілдері дайындаған тізім қатысушылардың жасы мен қызығушылықтарына бейімделген, шығармаларды таңдауда патриотизм, жауапкершілік, білімге құштарлық, сыни ойлау сияқты құндылықтарды дамытуға баса назар аударылды.
Бұл тізімдерге «Қазақстан әдебиетінің 100 танымал кітабы» жалпыұлттық дауыс беру арқылы іріктелген шығармалар, әлемдік әдебиеттің үздік туындылары және ұлттық мәдени мұрамызды насихаттайтын шығармалар, сондай-ақ әлемдік деңгейде мойындалған бестселлерлер енді.
Әр бағыт бойынша ережелер мен оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі www.reading-nation.kz сайтында жарияланған.
Шымкент қаласы бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобалық кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев:
«Қаламызда қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы тұрғындардың рухани өміріне тың серпін беруде. Жоба аясында кітапханаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған кездесулерде қала тұрғындарының айрықша қызығушылығы айқын байқалды. Әсіресе жастар қауымының белсенділігі ерекше атап өтуге тұрарлық – олар кітапты тек білім алудың құралы ретінде ғана емес, ой еркіндігі мен жан-жақты дамудың кілті ретінде бағалауда. Бұл бастама қаламыздың мәдени келбетін байытып, білімге құштар жаңа буын қалыптастыруға зор үлес қосуда».
Жобаны «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры «Аманат» партиясының және Қарағанды, Қостанай облыс және Шымкент қаласы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асыруда. Бас демеуші — Alageum Electric компаниясы.
Байқаудың қорытындысын 2026 жылдың сәуір айында жариялау жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз...

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

10.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: КӨЛІК-ЛОГИСТИКА – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: КӨЛІК-ЛОГИСТИКА – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

10.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

10.10.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

10.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған