• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

19.09.2025
in Аймақ
ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының Абай ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының айтуынша, басты мақсат – тұрғындардың тұрмысын жақсартып, заманауи стандарттарға сай өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.

Оқи отырыңыз...

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

19.09.2025
В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

09.09.2025

Соңғы жылдары аудан аумағында жарықтандыру саласында айтарлықтай серпін байқалады. Егер 2024 жылға дейін аудан көшелерінің бар болғаны 15 пайызы ғана жарықтандырылған болса, биыл бұл көрсеткіш бірнеше есеге артқан. 2025 жылдың қорытындысына дейін 954 көше жарықтандырылып, аудан аумағындағы барлық көшелерге жарық шамдарын орнату жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асуда және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті күшейтуге, сондай-ақ түнгі уақытта қозғалысқа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жарықтандырумен қатар, аудан аумағында жылу маусымына дайындық шаралары да қарқынды жүріп жатыр. 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы қысқы маусымға толық әзірленді. «ҚуатжылуОрталық» мекемесі арқылы орталық жылу жүйесіне қосылған барлық нысандарда қажетті сығымдау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инженерлік желілер мен қазандықтар тексеріліп, ақаулар дер кезінде жойылған.

Білім және денсаулық сақтау нысандары да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйымның жылу жүйелері толығымен дайын. Бұл — жаңа оқу маусымы мен алдағы қыс мезгілінде әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне кепіл болмақ.

Ауданның абаттандыру бағытындағы жұмыстары да өз жалғасын табуда. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында аулалар мен арықтардың жиектерін қоршау, шағын көпірлер салу, аяқжолдарды ретке келтіру секілді жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мұндай шаралар әсіресе жаяу жүргіншілер мен балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы атап өткендей, Абай ауданында қолға алынған барлық жұмыстардың түпкі мақсаты – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. «Инженерлік инфрақұрылым, көше жарықтандыру, жылу жүйесін жаңғырту – бұл тек коммуналдық сала емес, бұл – тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызы бар бағыттар. Сондықтан біз бұл салаларда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді жалғастырамыз», – деді аудан әкімі.

Алдағы уақытта аудан әкімдігі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жарықтандыру мен жылу жүйелерін толық қамтуға, инфрақұрылымды жетілдіруге және тұрғындар үшін қауіпсіз, қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстарды жалғастырмақ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Зелёная балка: ещё восемь семей получили новые квартиры

07.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

07.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған